AST SpaceMobile спутниктік-смартфон байланысына ірі инвестициялар тартты

Биржалық жаңалықтар

22 января 2024, 00:10

AST SpaceMobile, Inc. (NASDAQ: ASTS) Google және AT & T. алпауыттарын қоса алғанда, бірқатар компаниялардан $155 млн стратегиялық инвестиция алады. Бұл 4G/5G жылдамдығымен спутниктік байланысқа кәдімгі смартфондарды қосу бойынша AST SpaceMobile қызметін нарыққа шығаруды едәуір жеделдетуі мүмкін.
 
2024 жылдың қаңтар айының басында AST SpaceMobile смартфондарды спутниктерге қосу қызметін құру бойынша оның өршіл жобасына инвестициялар тарту бойынша жұмыс туралы хабарлаған болатын.
Компания қарапайым смартфондардан жер үсті байланыс мұнаралары арқылы емес, тікелей спутниктер арқылы хабарламалар мен дауыстық қоңыраулар жіберу мүмкіндігін табысты көрсетті. Бұл смартфонның иесі AST SpaceMobile көмегімен ғаламшардың кез келген нүктесінен байланысқа шыға алады дегенді білдіреді.
 
Мұндай технологияның орасан зор коммерциялық әлеуеті бар, мысалы, спутниктік байланыс арқылы кез келген жерде мобильді транзакцияларды қамтамасыз ете алады. Сондықтан AST SpaceMobile инвестиция тарта алады деп күтілуде. Бірақ нәтиже күткеннен де жақсы болды: AST SpaceMobile әзірлемелері Google интернет-гиганты мен әлемдегі ең ірі байланыс операторларының бірі — американдық AT&T компаниясын қызықтырды.
 
Бұдан басқа, инвестор ретінде Еуропаның жетекші телекоммуникациялық компанияларының бірі Vodafone болды. Ол тек еуропалық нарықта ғана емес, Африкада да жұмыс істейді, сондықтан дамыған телекоммуникациялық инфрақұрылымы жоқ өңірлерде спутник-смартфон байланыс қызметіне қызығушылық танытуы мүмкін.

AST SpaceMobile қосымша $51,5 млн қарыз қаражатын тартуға және акцияларды арзандатылған бағамен сату есебінен тағы $100 млн алуға ниетті.
 
Инвесторлар акциялардың сұйылтылуы туралы хабарды теріс қабылдады, бірақ AST SpaceMobile бизнесті кеңейту үшін ақша қажет. Ең алдымен, спутник-смартфон байланысын іске қосу үшін ғарышқа қымбат тұратын спутниктерді ұшыру керек.

Қазіргі уақытта AST SpaceMobile-дің сынақ жерсеріктері бар. Бірақ 2024 жылдың наурыз айының соңына дейін компания бірінші нұсқадағы BlueBird деп аталатын бес ауыр (шамамен 1,5 тонна) спутникті шығаруды жоспарлап отыр. Кейіннен өткізу қабілеті 10 есе жоғары болатын екінші нұсқаны іске қосу жоспарлануда.
 
Компанияға кең аумақта 5G стандартындағы спутник-смартфон байланысын іске қосу үшін барлығы жүзге жуық спутник қажет. AST SpaceMobile спутниктерін шығару және ұшыру үшін инвестициялар қажет болады, бірақ алпауыттардың қызығушылығына қарай, компания оларды тартуға қабілетті.

19 қаңтардағы сауда-саттықта ASTS акциясы $3,09 болды. Нарықтық капиталдандыру $278,59 млн. құрады


Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 16-ғимарат, кіріктірілген тұрғын емес №2 үй-жай (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55  - Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  - Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «BB-», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!