Freedom Holding Corp. «IQanat High School of Burabay» мектебін қайта салу мен кеңейтуді қолдады

Фридом жаңалықтары

9 ақпан 2024, 08:45

Жуырда Freedom Holding Corp. компаниясының Бас атқарушы директоры Тимур Турлов Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановпен және IQanat қамқоршыларымен бірлесіп Бурабайда IQanat мектебінің жаңа корпусының ашылуына қатысты.

Freedom House деп аталатын ауданы 2500 шаршы метр болатын көпфункционалды кешенде планетарий, амфитеатр, дыбыс жазу студиясы, IT және STEM зертханалары, кітапхана, жаттығу және фитнес залдары, шахмат клубы, құмыра жасау және бейнелеу шеберханалары, коворкингтер бар.
Жаңа кампустың ашылуының арқасында жыл сайын Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі ауылдық жерлерден 800-ге жуық дарынды бала IQanat мектебінде бірінші санатты білім алып, курстарға қатыса алады.

Тимур Турлов өз сөзінде өзінің жаңа корпусын алғаш рет көріп тұрған оқушыларға: «Еліміздің басты байлығы – адамдар. Бір адам көп дүние жасай алады, ал «жұмыла көтерген жүк - жеңіл» демекші, бәріміз бір кісідей шынымен маңызды дүниелерге қол жеткізе аламыз. Біздің еліміздің болашағы сіз бен біздің қаншалықты білімді болатынымызға және елге деген махаббатымызды сөзбен емес, іспен дәлелдейтінімізге тікелей байланысты.
Қазір осында оқып жатқан балалар біздің елімізді жақсы жаққа өзгерте алады. Олардың көбі бизнесте, ғылымда, мемлекеттік басқаруда, өнерде, спортта жетістікке жете алатынына сенімдімін. Ал мұнда алынған білімдері белгілі бір өлшемшартқа айналып қана қоймай, сондай-ақ теңсіздік мәселесін шешуге елеулі үлес қосады», – деп атап өтті.

Айта кетейік, Тимур Турлов 2019 жылдан бері IQanat жобасының қамқоршысы.


БАҚ үшін байланыс деректері: 

Рамина Фахрутдинова – «Фридом Финанс» АҚ Директорлар кеңесі Төрағасының PR жөніндегі кеңесшісі
E-mail: [email protected]

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 16-ғимарат, кіріктірілген тұрғын емес №2 үй-жай (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55  - Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

(+7 727 3557555 – қосымша)

7555  - Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «BB-», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!