Zoom Video теріс үрдістерді еңсере ала ма?

Биржалық жаңалықтар

13 ақпан 2024, 01:12

Zoom Video Communications Inc. (NASDAQ: ZM) алдағы тоқсандарда күтпеген проблемамен бетпе-бет келетін сияқты. Компанияда пайда болған трендті нивелирлеу үшін жеткілікті ресурстар бар ма?
2024 жылы жаңа сервистер мен өнімдердің енгізілуіне қарамастан, Zoom Video Communications өсімі жоқ. 2024 қаржы жылының үшінші тоқсанында түсім небәрі 3,2% -ға өсті және басшылық проблеманы нарықтағы жаңа трендтерден көріп отыр. Challenger, Gray & Christmas есебіне сәйкес, қаңтар айында АҚШ-та жұмыстан босату тарихи жоғары деңгейге жетті. 2024 жылғы қаңтар 2009 жылдан бері жұмыстан босатылудың екінші нашар айы болды, Тек 2023 жылғы қаңтар ғана нашар болды.
Көптеген жұмыстан босату технологиялық секторда болды, сондықтан жаңа тренд Zoom Video Communications үшін проблемалы. Атап айтқанда, компания өз клиенттерімен (олардың көпшілігі АТ саласында жұмыс істейді) жұмыс орнына қайта есептегенде ақы төлей отырып, келісімшарттарға қол қояды. Сәйкесінше, қызметкерлер неғұрлым көп болса, келісімшарт соғұрлым ірі болады. Соңғы тоқсанда Zoom Video Communications клиенттерінің көбі қызметкерлердің санын азайтты, яғни оларға жаңа келісімшарттарда аз орын қажет.  Zoom Video Communications басшылығының болжамы бойынша, биыл келісімшарттардың көлемін түзету туралы пікірталастар көп болады деп күтуге болады. Клиенттер аз орын төлеп, аз қаражат жұмсауға тырысады. Мұндай динамика Zoom-дың 2024 жылы анағұрлым оптимистік өсуіне күмән келтіреді
Сонымен қатар Zoom Video Communications бизнесі қуатты болып қалатынын мойындау керек. Ағымдағы қаржы жылының үшінші тоқсанындағы жағдай бойынша компанияның 220 000-ға жуық корпоративтік клиенттері болды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5% -ға көп. Жылына $100 000 және одан да көп шығындайтын клиенттер саны 14% -ға өсіп, 3700-ден асты. Яғни, Zoom Video Communications клиенттерін жоғалтпайды. Компанияның түсімі де рекордтық жоғары деңгейде. Мәселе Zoom Video Communications өсімі баяулады, бірақ компанияда клиенттерге ұсынылатын басқа да өнімдер бар. Бұл дегеніңіз жаңа өнімдердегі жетістіктер ақылы орындардағы шығындарды өтеуі мүмкін және бұл үрдіс келесі жылы да жалғасуы мүмкін деген сөз.
Қазіргі кезеңде Zoom Video Communications нарықта күшті позицияны сақтай алады, алайда технологиялық сектордағы ағымдағы үрдістер аясында оның өсу перспективалары күшті көрінбейді.
Сауда-саттық аяқталған 12 ақпанда ZM акциясы $64,86 болды.


Қазақстан Республикасы, Астана қ., Есіл ауданы, Достық көшесі 16, кірістірілген тұрғын емес үй 2 (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55  - Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  - Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «B+/B», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!