Неліктен Duolingo тілдік платформасы оң нұсқауға ие болды

Биржалық жаңалықтар

12 наурыз 2024, 21:38

Duolingo Inc. (NASDAQ: DUOL) JPMorgan банк талдаушыларынан оң пікір алды. Duolingo үшін жаңа өсу драйвері монетизацияланатын қызметтерге жаңа жазылушыларды тарта алатын тегін сабақтар стратегиясы болуы мүмкін.
JPMorgan-да Duolingo акциялары бойынша «нарықтан жоғары» ұсыныс берілді, бұл «сатып алу» дегенді білдіреді. Бұл ретте мақсатты баға $270 болып белгіленді - бұл ұсынымды жариялаған кездегі бағамен салыстырғанда 26% -ға өсу.
 Уолл-стрит сарапшыларының оптимизмінің негізгі себебі Duolingo freemium-стратегиясының табысы болып табылады. Ол оқу материалдарының үлкен көлемін тегін ұсынуға негізделген. Бұл кейбір пайдаланушыларды тілдік дағдыларын жақсарту үшін ақылы жазылым сатып алуға ынталандырады.
Қазіргі уақытта Duolingo тілдік курстары тегін режимде жазуға, айтуға, сөздерді теруге және т.б. базалық оқытуды ұсынады. Бұл бастаушыларға жақсы келеді, бірақ білімнің өсуіне қарай тегін режим шаршатады, себебі, мысалы, қателіктер бір жақсы меңгерілген материалды бірнеше рет өткізуге мәжбүр етеді.
Мұны төлемге теріс мотивация деп атауға болмайды, себебі компания жаңадан келгендерге тартымды оқыту ұсынады. Бұл сұранысқа ие қызмет және Duolingo пайдаланушыларының саны өсуде. Осылайша, үлкен аудитория қалыптасады, оның бір бөлігі кейіннен ақылы жазылушылар бола алады.
JPMorgan сарапшыларының бағалауы бойынша, 2026 жылға қарай Duolingo-ның ақылы жазылушыларының саны екі есеге өсіп, 12 млн. Шетелде оқу және жұмыс істеу үшін қажетті ағылшын тілін үйренуге сұраныс басты драйвер болып табылады.
 Бұл ретте Duolingo-да генеративтік жасанды интеллектті (AI) пайдалану есебінен оқыту контентіне шығыстарды едәуір қысқартудың теориялық мүмкіндігі бар.
12 наурыздағы сауда-саттықтың ортасында DUOL акциясы $229,4 болды. Нарықтық капиталдандыру $9,84 млрд. болды

Қазақстан Республикасы, Астана қ., Есіл ауданы, Достық көшесі 16, кірістірілген тұрғын емес үй 2 (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55  - Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  - Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «B+/B», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!