Altria AB InBev акцияларын $2 млрд-тан астам сомаға сатуды жоспарлауда

Биржалық жаңалықтар

14 наурыз 2024, 15:24

Altria (MO) AB InBev-дегі өз үлесінің бір бөлігін акцияларды сатып алуды қаржыландыруға көмектесу үшін $2,2 млрд-қа сатуға тырысады.
АҚШ-та Marlboro темекісін сататын Altria компаниясы AB InBev сыра қайнату компаниясының шамамен 10% -ына ие. Компания акцияларды АҚШ-та, Еуропада, Ұлыбританияда және АҚШ-тан тыс басқа елдерде жаһандық қайталама орналастыру шеңберінде сатады. 
«Anheuser-Busch InBev SA NV акцияларын сатудан түсетін қаражатты компания электронды темекі, вейп сияқты жанбайтын темекі өнімдерінің желісін дамытуға және кеңейтуге бағыттай алады, себебі бұл бағытта бәсекелестік өсіп келеді. Нарықтың бұл жаңалыққа реакциясы көп күттірмеді, себебі компания бірден акциялардың бір данасы 60,75-62,75 EUR сату бағасын жариялады, ол кешегі сауда сессиясының жабылу бағасына 4,83-8,28% сыйлықақыны білдіреді. Брюссельдегі сауда-саттық Anheuser-Busch InBev SA NV акцияларының құны 1,50% -ға өсіп, 58,82 EUR-ға жеткенде тоқтатылды, демек олар жаңартылғаннан кейін одан әрі өсу әлеуеті әлі де қалады», - дейді Freedom Finance Global сарапшысы Владимир Чернов.
Altria компаниясының бас атқарушы директоры Билли Гиффорд ондаған жылдар ішінде сыра инвестициялары елеулі кіріс пен ақшалай қайтарым әкелгенін, сондай-ақ компанияның теңгерімін қолдағанын айтты. Оның айтуынша, AB InBev-дегі үлестің бестен бір бөлігін сату елеулі пайда алу үшін оппортунистік мәміле болып табылады.


Қазақстан Республикасы, Астана қ., Есіл ауданы, Достық көшесі 16, кірістірілген тұрғын емес үй 2 (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55  - Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  - Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «B+/B», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!