Fisker сәтсіз келіссөздерден кейін делистингке дайындалуда

Биржалық жаңалықтар

26 наурыз 2024, 09:50

Ірі автоөндірушілермен әлеуетті мәміле туралы келіссөздер сәтсіз аяқталғаннан кейін қайраңда қалған Fisker (FSR) Нью-Йорк қор биржасында делистингке дайындалады. Электр көліктерін шығаратын стартап аномальды төмен бағаға байланысты нарықта тұра алмады.
Нью-Йорк қор биржасы (NYSE) акциялар саудасын тоқтатып қойды. Fisker қағаздары тоқтағанға дейін $0,09 деңгейінде саудаланып, $0,13 деңгейінде жабылды.
Аты аталмаған автоөндірушілермен келіссөздер сәтсіздікке ұшырағаннан кейін, Fisker капитал нарығындағы қайта құрылымдау мен мәмілелерді қоса алғанда, стратегиялық нұсқаларды іздеді, бірақ бұл стратегияларды іске асыра алмады.
Акциялар делистингі жағдайында компания 2026 жылы өтеу мерзімімен 2,50% ставкамен өзінің қамтамасыз етілмеген айырбасталатын облигацияларын сатып алуды ұсынуға тиіс болады және бұл 2025 жылы өтеу мерзімімен қамтамасыз етілген аға айырбасталатын облигациялар бойынша дефолт туғызады.
Компанияда хабарлағандай, қазіргі уақытта оларда 2026 немесе 2025 облигациялары бойынша тиесілі барлық сомаларды өтеу үшін жеткілікті ақшалай резервтер немесе қаржыландыру көздері жоқ және нәтижесінде мұндай оқиғалар бизнеске, қызмет нәтижелеріне және қаржылық жай-күйіне елеулі кері әсерін тигізуі мүмкін.
Естеріңізге сала кетейік, бір апта бұрын компания электромобиль өндірісін тоқтатқан болатын.
Fisker банкротқа ұшырауы - бұл Хенрик Фискердің екінші сәтсіз стартабы, осының алдындағы әрекет, Fisker Automotive, 2008 жылғы қаржы дағдарысының құрбаны болды және Энергетика министрлігінен $192 млн несие алғанына қарамастан, 2013 жылы банкроттық туралы жариялады.
Соңғы Fisker кәсіпорны 2016 жылы құрылды және $2,9 млрд. құн қосылу нәтижесінде жария болды Бірақ жеткізу тізбегіндегі көптеген проблемалар, өндірістің кідіруі және қаражат тартудағы кедергілер компанияның нарықтық бағасының $100 млн. дейін құлауына әкелді.
Бұрын хабарланғандай, жапондық Nissan автоөндіруші Fisker компаниясына инвестициялар туралы келіссөздер жүргізуде. Бірақ бұл мәміле болмайтын сияқты.
Fisker пайыздық төлемді өткізіп алғаннан кейін айырбасталатын облигацияларды сату арқылы $150 млн-ға дейін тарту талабына байланысты жабу шартын орындай алмайтынын мәлімдеді. 2026 жылы өтеу мерзімі бар кейбір облигациялар үшін $8,4 млн мөлшеріндегі төлем 15 наурызда төленуі тиіс еді, бірақ стартап жеткілікті өтімділікке қарамастан төлемегенін мәлімдеді, себебі ол өз капиталының құрылымы туралы инвесторлармен сөйлесу үшін 30 күндік жеңілдікті кезеңді пайдаланғысы келді. Бұдан басқа, Fisker инвесторлардан 24 сәуірде өтетін акционерлер жиналысында акцияларды кері бөлшектеу туралы ұсынысқа дауыс беруді сұрайды, себебі ол Нью-Йорк қор биржасының листинг нормаларына сәйкес келуге тырысады.


Қазақстан Республикасы, Астана қ., Есіл ауданы, Достық көшесі 16, кірістірілген тұрғын емес үй 2 (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55 Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  * Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «B+/B», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!