Freedom Holding Corp. SDU University студенттеріне арнап жаңа оқу блогын салады

Фридом жаңалықтары

26 наурыз 2024, 17:10

2024 жылдың 26 наурызы, Алматы қ.


Бүгін SDU университетінде Freedom Holding Corp. қолдауымен салынатын жаңа блоктың іргетасын қалау рәсімі өтті.

Жалпы ауданы 5600 шаршы метрден асатын аумақта заманауи оқу ғимараты салынады, бұл студенттерге әртүрлі қолданбалы салаларда жасанды интеллект негізіндегі технологияларды пайдалануға мүмкіндік береді. Роботехника, киберқауіпсіздік, спорттық бағдарламалау және машиналық оқыту салаларында AI зертханалары бар Freedom space аймағын ашу жоспарлануда. Бірегей үлгідегі зертханалар студенттерге теориялық білімді практикалық біліммен ұштастыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ кампуста интерактивті қаржылық сауаттылық орталығы болады, бұл жердегі Freedom Academy сарапшыларынан студенттер инвестициялау мен трейдингтің негізгі принциптерін үйрене алады. Сонымен қатар, университеттің жаңа блогы финтех-инновациялар саласында және басқа да бағыттарда зерттеулер жүргізуге, сондай-ақ әртүрлі іс-шаралар, конференциялар мен семинарлар өткізуге арналған хабқа айналуы тиіс. Нәтижелі оқу мен қатар, жайлы демалыс аймақтарын құру үшін де жағдай жасалады.

Нысанның құрылысына Freedom Holding Corp. еншілес ұйымы болып табылатын «Freedom Шапағат» қайырымдылық қоры арқылы демеушілік жасап отыр. Қаржыландыру көлемі 1,8 млрд теңгені құрайды.


Тимур Турлов, Freedom Holding Corp. бас атқарушы директоры:

«Сапалы білім – қоғам дамуның алғышарты. Бұл бастама қазақстандықтардың қазіргі және болашақ ұрпақтарының жан-жақты өсуі мен дамуына қолдау көрсетуге және ілгерілетуге дайын екендігіміздің тағы бір дәлелі болып табылады. Елдің әлеуметтік өміріндегі, оның ішінде жақсы білім беру жағдайын жасаудағы бизнестің рөлінің маңыздылығын түсіне отырып, біздің холдинг бұл жобаны үлкен ынтамен қолдады. Өйткені, бірінші дәрежелі инфрақұрылымның болуы оқу үдерісінде маңызды рөл атқарады. SDU университетінің жаңа блогының құрылысы өзін жоғары деңгейдегі IT-мамандар даярлауда көшбасшылардың бірі ретінде танытқан осы техникалық университеттің базасын нығайтып, сонымен қатар қаржы саласын таңдаған студенттердің де білімін айтарлықтай арттыруға көмектеседі деп сенемін».


Салтанатты шараға Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысты.


Марат Сұлтанғазиев, Алматы облысының әкімі:

«Облысты дамытуда, алға қойған жоспарларды жүзеге асыруда жастар үлкен рөл атқарады. Жақында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өңірге келген сапарында Қонаев қаласын ғылым-білім орталығына және студент жастардың қаласына айналуы керек екенін айтты. Расында да облысты дамыту жолында ең әуелі, аймақта жоғары оқу орындарын қалыптастыру мәселесін қолға алу керек. Себебі, білім ошағы жергілікті өңірге жан бітіріп, өркендеуіне жол ашады. Бұл ретте, SDU университетінің Қарасай ауданының дамуына қосып жатқан үлесін атап өтпеске болмас. Өткен жылғы мәлімет бойынша, облыс тұрғындарының 30 пайызын 35 жасқа дейінгі жастар құрайтындықтан, Алматы облысында жастар саясаты мәселелері жөніндегі жаңа басқарма құрылды. Жастар мәселесін шешу үшін талдау деректеріне сүйене отырып, екі жылдық жоспар жасалды».


Университет аумағында қосымша ғимарат салу туралы шешім студенттер санының артуына және университеттің білім беру бағдарламасының кеңеюіне байланысты қабылданды.


Әлімжан Игенбаев, SDU University ректоры:

«Заманға сай білімді де білікті маман қалыптастыру – бүгінгі күннің талабына айналды. Уақыт өз ережелерін белгілейді, сондықтан да біз өзгерістерге дайын боуымыз керек. Білім беру саласындағы әлемдік тәжірибе университеттің еліміздің экономикалық, әлеуметтік және қоғамдық өміріндегі маңыздылығын көрсетіп отыр. SDU University - білім беру жүйесі ағылшын тілінде жүргізілетін алғашқы жоғары оқу орындарының бірі. Біз IT, инженерия, педагогика, құқық, әлеуметтік ғылымдар және бизнес саласында сұранысқа ие мамандарды 27 жылдан астам уақыт бойы дайындап келеміз, сондықтан даму мүмкіндіктерін ескеріп, халықаралық серіктестермен, академиялық институттармен және бизнеспен ынтымақтастық орнатылған».


Құрылыс 2024 жылдың күзінде аяқталады деп жоспарланып отыр.




Анықтама


Freedom Holding Corp. – өзінің еншілес ұйымдары арқылы қаржылық қызметтерді, бөлшек сауда брокерлік, инвестициялық кеңес беру, бағалы қағаздармен сауда, инвестициялық банкинг және андеррайтинг қызметтерін көрсететін холдингтік компания. Бүгінгі таңда холдингтің акциялары KASE Nasdaq Capital Market-те саудаланады.

БҰҰ Жаһандық шартына қол қоюшы ретінде Freedom Holding Corp. «Инклюзивті және тең сапалы білім беруді қамтамасыз ету және баршаға арналған өмір бойы білім алу мүмкіндіктерін ілгерілету» №4 Тұрақты даму мақсатына қол жеткізу шеңберінде SDU университетінде жаңа блок салу жобасын жүзеге асыруда. Сонымен қатар холдинг 10-14 жас аралығындағы балаларға арналған 40 тегін онлайн-сабақтарды қамтитын «Freedom лагері» жобасы арқылы балаларды қаржылық сауаттылыққа тегін оқытуды ұсынады. Сонымен қатар, Freedom Holding Corp. Бурабай қаласындағы IQanat орта мектебін қайта құру мен кеңейтуге қолдау көрсетті, жаңа ғимараттың ашылуы 2024 жылдың ақпан айында Бурабайда өтті.



SDU University
– тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында негізі қаланған Қазақстандағы жетекші оқу орындарының бірі. Бүгінде бакалавриат, магистратура және докторантурада 8 мыңнан астам студент білім алуда.



БАҚ үшін байланыстар
:

Фахрутдинова Рамина - «Фридом Финанс» АҚ PR бойынша директорлар Кеңесі Төрағасының Кеңесшісі 
E-mail: [email protected]

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 16-ғимарат, кіріктірілген тұрғын емес №2 үй-жай (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55  - Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

(+7 727 3557555 – қосымша)

7555  - Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «BB-», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!