Қайшылықтар HSBC Holdings банк конгломератының өсуіне кедергі келтірмеді

Биржалық жаңалықтар

1 мамыр 2024, 17:06

Осы аптаның басында HSBC Holdings plc ADR (NYSE: HSBC) банк конгломераты өз акционерлеріне 2024 жылдың бірінші тоқсанының қорытындыларын ұсынды, бірақ бұған дейін бас директордың орнынан түсуі туралы хабарлаған болатын. Топ-менеджменттегі өзгерістер күтпеген болғанымен, инвесторлар жалпы алғанда осы екі жаңалыққа да оң реакция жасады.
 
HSBC Holdings ірі халықаралық банк конгломераты 2024 жылдың бірінші тоқсанында $20,8 млрд кіріс туралы хабарлады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3% -ға көп. Кейбір бір реттік немесе төтенше баптарға түзетілген таза пайда өткен жылғы $7 млрд. астам пайдамен салыстырғанда $6,3 млрд (АҚШ депозитарлық қолхаттары (ADR) үшін $0,34) дейін төмендеді.
 
HSBC Holdings басшылығы сондай-ақ ADR-ге $0,1 мөлшеріндегі аралық дивидендтерді, сондай-ақ жақында канадалық активтерін сатудан ADR-ге $0,21 мөлшеріндегі арнайы дивидендтерді төлегенін жариялады. Акционерлер үшін тағы бір жаңарту - $3 млрд. дейінгі сомаға акцияларды кері сатып алудың жаңа бағдарламасы Екі дивиденд те маусым айында төленеді, алайда компания бұл төлемдердің нақты мерзімін көрсетпеген.

Бірінші тоқсанның қорытындылары жарияланар алдында HSBC Holdings күтпеген жерден бас директор Ноэль Куинннің (Noel Quinn) осы лауазымда бес жыл болғаннан кейін орнынан түскенін хабарлады. Оның түпкілікті кету күні белгіленбеген, алайда компания директорлар кеңесі мұрагер іздеуде тұрғанда том-менеджер өз қызметін жалғастыра беретінін мәлімдеді. Бұл ретте, бұл лауазымға ішкі және сыртқы үміткерлер қарастырылады.
 
HSBC Holdings бас директорының орнынан түсуі компанияның осы аптадағы баға белгілеуіне айтарлықтай әсер еткен жоқ. Инвесторлар көбінесе түсімнің өсуіне және акционерлерге ақшаны қайтарудың жаңа бағдарламаларына шоғырланған болар.
30 сәуірдегі сауда-саттықта HSBC акциясы $43,58 болды.


Қазақстан Республикасы, Астана қ., Есіл ауданы, Достық көшесі 16, кірістірілген тұрғын емес үй 2 (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55 Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  * Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «B+/B», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!