Қазақстанда Freedom валютасын ұсынды

Фридом жаңалықтары

22 мая 2024, 16:49

2024 жылғы 22 мамыр – Қазақстанда Freedom Holding Corp. компаниясы акцияларының иегері болғысы келетін кез келген адамға мүмкіндік беретін жаңа валюта ұсынылды. Бұл Freedom Bank төлем карталары бойынша әрбір операциядан биржалық нота (ETN) түрінде кешбэк арқылы мүмкін болды.


ETN – АХҚО («Астана» халықаралық қаржы орталығы) құқығына сәйкес тіркелген және шығарылған, оған тиісті салық жеңілдіктері қолданылатын, AIX биржасында саудаланатын қаржы құралы. Валюта құны бір FRHC акциясы бағасының 1/10 000 бөлігін құрайды. Тиісінше, валюта құны холдингтің акцияларының бағасымен бірге өзгереді, олар өз кезегінде американдық Nasdaq қор биржасында саудаланады. Apple, Tesla және т.б. технологиялық алпауыттардың бағалы қағаздарымен қатар.


Қазір Freedom акциясының бағасы бірлігіне 75$ құрайды. Оның құны бір акция бағасының он мыңға қатынасында көрсетіледі, яғни 1 Freedom = 0.0075$. Мысалы, ағымдағы сәтте айына 300 мың теңге сомаға төлемдер немесе сатып алулар жасаған кезде жаңа валюта түріндегі кешбэк шамамен 4500 Freedom немесе шамамен 15 мың теңгеге дейін құрауы мүмкін.


Freedom Bank карталары арқылы әрбір транзакциядан пайдаланушы жаңа валюта түрінде кешбэк алады. Оны толтыруға, басқа валюталарға айырбастауға, банк ішіндегі телефон нөмірі бойынша және басқа банктердің карталарына аударуға, коммуналдық және мемлекеттік қызметтерге ақы төлеуге, сатып алуға жұмсауға болады.


Ол үшін Freedom Bank-тің үш мультивалюталық: Freedom, Freeplay немесе Deposit картасының біреуі болуы немесе онлайн тегін ашу жеткілікті. Қазіргі клиенттер бұл опцияны Freedom SuperApp қосымшасында іске қосуы керек.


Freedom Insurance, Freedom Life және Aviata компанияларында сатып алу кезінде операциялардан кешбэк 16%-ға дейін құрайды. Серіктестік желіден тыс есептелген кешбэк ‒  3%-ға дейін. Apple Pay, Google Pay және Samsung Pay төлемдерімен кэшбэк 5%-ға дейін көтеріледі.


Тимур Турлов, Freedom Holding Corp.-тың бас атқарушы директоры

«Freedom валютасын іске қосу арқылы біз өз клиенттерімізге кешбэк алып қана қоймай, сондай-ақ  соңғы төрт жылда жүздеген пайызға өскен холдинг акцияларының құнының өсуінен ақша табу мүмкіндігі арқылы қосымша құндылық бергіміз келеді. Клиент біздің экожүйемізде ақша жұмсаған сайын, біз оған осы кешбэк арқылы табысымыздың бір бөлігін қайтарамыз. Болашақта бұл адалдық бағдарламасы холдингтік компаниялардан тыс кеңейе алады және біз оған серіктестерімізді тарта аламыз, осылайша клиенттеріміз үшін мүмкіндіктер мен құндылықтарды арттыра аламыз деп үміттенеміз. Сонымен қатар, бұл Freedom экожүйесін нығайтуға, барлық қызметтерді бірден біріктіруге тағы бір қадам. Ақырында, біз үшін мүлдем жаңа нәрсе жасау маңызды - заманауи цифрлық шешімдер мен мүмкіндіктердің бірегей үйлесімі арқылы болашақта тұтынушыларымыз бен бизнесіміздің кірісінің сапалы өсуін қамтамасыз ететін өнім. Бұл дегеніміз, қазіргі уақытта мені де, біздің барлық үлкен кәсіпқойлар тобымызды да ынталандырып, шабыттандыратын зор, күрделі, өршіл жоспардың бір бөлігі».


Айдос Жумагулов, Freedom Bank-тың Директорлар кеңесі төрағасының кеңесшісі

«Жаңа валюта қазақстандықтарға Freedom Holding Corp. акционерлері және автоматты түрде қор нарығының қатысушылары болуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, біз оны пайдаланушыға жеңілдете отыра, процесті мүмкіндігінше автоматтандыруға тырыстық. Осы бастама шеңберінде Freedom холдингінің компаниялары ішінде жоғары кешбэктер жұмыс істейтін болады. Валютаның бірегейлігі ол кәдімгі кешбэк сияқты жұмыс істемейді, біз оны карточкалық шоттармен біріктіріп, Freedom-ды қосымша валюта жасадық. Бұл қаржылық сауаттылық тұрғысынан құнды, мұнда адам тек бонус емес, компанияның бір бөлігін алады. Бұл бастама біздің клиенттеріміз үшін жаңа көкжиектер ашады және қаржылық қызметтер саласында жаңа стандартты белгілейді. Біз Freedom валютасы біздің клиенттеріміз үшін таптырмас құрал болатынына және олардың қаржысын оңай және сенімді басқаруға мүмкіндік беретініне сенімдіміз».


Freedom SuperApp банкінің жаңа қосымшасына келетін болсақ, бұл бір қосымшадағы Холдингтің бірыңғай экожүйесі. Онда ипотека, автокредит, сақтандыру полисін рәсімдеп, депозит, брокерлік шот және сандық карталарды аша аласыз. SuperApp төлемдер мен аударымдар жасауға, мемлекеттік қызметтердің 20-дан астам түрін алуға, сондай-ақ авиабилеттерді брондауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Freedom SuperApp-та қазақстандық қор биржасына жақын бағамдары бар шетел валюталарын сату қолжетімді.


01.02.2023 берілген № 1.2.108/43/250 ҚНРДА лицензиясы


 «Банк Фридом Финанс Казахстан» АҚ ‒ жеке және заңды тұлғаларға цифрлық қаржы өнімдері мен қызметтерін ұсынатын Қазақстанның инновациялық банкі. Банк ипотекалық несие, автонесие және бизнес несиелерін алуды цифрландырды. Сондай-ақ, Қазақстандағы INVEST CARD алғашқы инвестор картасын және басқа да бірқатар цифрлық карталарды шығарды. Қазақстанның ірі қалаларында 16 филиалдан тұратын филиалдық желісі бар. Банк қаржы қызметін, бөлшек брокерлік операцияларды, бағалы қағаздармен сауданы, инвестициялық-банктік және андеррайтингтік қызметтерді жүзеге асыратын Freedom Holding Corp. холдингінің бөлігі болып табылады. Бүгінгі күні Холдингтің жай акциялары Nasdaq Capital Market, Қазақстан қор, Санкт-Петербург және Украина биржаларында саудалануда.



Freedom Bank баспасөз қызметі
Тел: +7 (707) 560 22 17

[email protected]

Қазақстан Республикасы, Астана қ., Есіл ауданы, Достық көшесі 16, кірістірілген тұрғын емес үй 2 (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55  - Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  - Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «B+/B», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!