Фармацевтикалық алпауыт Lilly Eli перспективалы нарықта портфельді кеңейтеді

Биржалық жаңалықтар

3 June 2024, 15:10

Lilly Eli&Co (NYSE: LLY) фармацевтикалық компаниясының соңғы тоқсандардағы жылдам өсуі салмақты бақылауға арналған препараттардың перспективалы нарығына шығуымен байланысты. Соңғы 12 айда акциялар шамамен 90% -ға қымбаттады және компания болашақта осындай жоғары өсім қарқынын сақтап қалуы мүмкін.

Lilly (Eli)&Co шешімдер портфелінде диабеттен иммунологияға дейінгі түрлі салалардан көптеген препараттар бар. Алайда соңғы тоқсандарда жылдам өсу екі препаратпен байланысты: Mounjaro және Zepbound. Бұл препараттардың екеуі де салмақты азайту үшін пайдаланылуы мүмкін, бірақ Mounjaro бастапқыда 2 типті диабетпен ауыратын пациенттерге арналған препарат ретінде мақұлданды, ал Zepbound дәл осындай әсер ететін затпен салмақты азайтуға арналған. Бұл препараттардың блокбастерлер әлеуеті бар. Мысалы, сатудың бірінші толық тоқсанында Zepbound $517 млн. көлемінде кіріс әкелді. Тұтастай алғанда, осы топтың препараттарын сату Lilly (Eli) & Co-ға соңғы есепті тоқсанда түсімді жылына 26% -ға ұлғайтуға көмектесті.
Уолл-стрит сарапшылары Lilly (Eli)&Co акцияларының жылдық табысы алдағы бес жылда 62% -ды құрайды деп болжап отыр.

Айта кету керек, салмақты бақылау саласында Lilly (Eli)&Co-ның бәсекелестері бар, және ең танымал — Novo Nordisk. Әзірге бұл нарықтағы сұраныс ұсыныстан асып түссе, мұндай дәрі-дәрмектерді өндірушілердің барлығы түсімді арттыра алады. Goldman Sachs Research мәліметінше, салмақ жоғалтуға арналған дәрі-дәрмектер нарығы онжылдықтың соңына қарай 16 есе артып, $100 млрд-қа жетуі мүмкін. Бұл ретте Lilly (Eli) & Co салмақты азайту үшін басқа да препараттарды зерттейді, кейбір зерттеулер кеш болатта. Атап айтқанда, инъекцияны қажет ететін Zepbound-ға қарағанда одан да көп таралуы мүмкін ауызша салмақ азайтуға арналған препарат. Осылайша, салмақ жоғалтуға арналған тауарлар тізбегі Lilly (Eli) & Co тұрақты табысты қамтамасыз ете алады, алайда компания басқа мақсаттағы препараттарды да дамытады, атап айтқанда, ұйқыдағы тыныс алудың кідірісін емдеу үшін.

31 мамырдағы сауда-саттықта LLY акциясы $820,34 болды.

Қазақстан Республикасы, Астана қ., Есіл ауданы, Достық көшесі 16, кірістірілген тұрғын емес үй 2 (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55  - Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  - Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «B+/B», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!