STMicroelectronics Еуропадағы зауытқа $2 млрд алады

Биржалық жаңалықтар

3 июня 2024, 16:17

Өткен жұма Еуропалық комиссия STMicroelectronics (NYSE: STM) жартылай өткізгіш зауытын салуға грантты мақұлдады. Осылайша компания Азиядан тыс ірі өндірістік алаңды қаржыландырады.

Италияда STMicroelectronics зауыты құрылысының құны 5 млрд. еуроға бағалануда Еурокомиссия шешімінің арқасында бұл өндірістік нысан еуропалық тәуелсіз жартылай өткізгіш өндірісін қолдау аясында €2 млрд көлемінде тікелей грант алады.
 
Ең алдымен жаңа кәсіпорын электромобильдерге арналған чиптер шығаруға назар аударады. Бұл электр автомобильдерінің үлесі тез өсетін Еуропа үшін басым міндет. Мұндай чиптерді жеткізудегі соңғы іркілістер алаңдаушылық тудырып, ЕО-да чиптер туралы американдық заңның аналогы қабылданды. Ол еуропалық аумақта орналасқан базалық электроника өндірісін құруды білдіреді.
 
Еуропалық STMicroelectronics компаниясы ЕО-ның импорттық чиптерге тәуелділігін төмендету бағдарламасының басты бенефициарларының бірі болады.
Оған қоса, STMicroelectronics бірінші болып чиптер туралы еуропалық заң аясында ірі грант алды. Басқа компаниялар әзірге мұндай қолдауға қол жеткізген жоқ. Атап айтқанда, Taiwan Semiconductor Manufacturing Company Limited (NYSE: TSM) және Intel әлі де ЕО-ның қаржылық қолдауына мақұлдауды күтуде.
Бұл ретте STMicroelectronics Италияда ғана емес, басқа да елдерде өндірісті іске қосуға ниетті.
 Жалпы, STMicroelectronics түрлі мақсаттағы микросхемалардың ірі жеткізушісі болып табылады. Компанияның электрондық компоненттері тұрмыстық техникада, электр аспаптарында, автомобильдерде, электр станцияларында және т.б. кеңінен қолданылады.

31 мамырдағы сауда-саттықта STM акциясы $41,97 болды. Нарықтық капиталдандыру $37,45 млрд. болды


Қазақстан Республикасы, Астана қ., Есіл ауданы, Достық көшесі 16, кірістірілген тұрғын емес үй 2 (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55 Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  * Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «B+/B», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!