Volvo қытайлық баж салығын болдырмау үшін Бельгияға электромобиль өндірісін көшіреді

Биржалық жаңалықтар

10 маусым 2024, 15:26

Швециялық Volvo (VOLVF) корпорациясы өндірісін Пекин субсидиялайтын тауарлар импортына қатысты ЕО саясатын қатаңдатудан қорқып, ҚХР-дан Бельгияға электромобиль өндірісін ауыстыруды бастады.

Естеріңізге сала кетейік, ЕО-ға мүше 27 елдің сыртқы саудасына бақылау жасайтын Еурокомиссия өткен жылдың қазан айында Қытайдан Еуропаға жеткізілетін таза электр көліктеріне қатысты тергеуге бастамашылық жасаған болатын. Тергеу 13 айға созылуы мүмкін, бұл ретте ол басталғаннан кейін тоғыз ай өткен соң Еурокомиссия артықшылықтарды шектеу үшін баж салығын алдын алу тәртібімен енгізе алады.

Бастапқыда мажоритарлық акционері қытайлық Geely автоконцерны (GELYY, GELYF) болып табылатын Volvo, баж салығы енгізілген жағдайда Еуропада шығарылған электр көліктерін сатуды тоқтата тұру мүмкіндігін қарастырды. Алайда EX30 мен EX90 үлгілерінің өндірісін Қытайдан Бельгияға көшіру түбегейлі шараларды болдырмауға мүмкіндік береді.

Freedom Finance Global сарапшысы Владимир Чернов атап өткендей, осы жаңалықтың аясында Volvo құнды қағаздары $280-285 дейін қымбаттауы мүмкін, себебі өндірісті еуропалық өңірге көшіру баж салығын үнемдеуге және басқа да сыртқы тәуекелдерді әртараптандыруға мүмкіндік береді. Volvo концернін 2010 жылы Geely сатып алғандықтан, оның акциялары ертең Гонконгтағы сауда-саттықтың ашылуында қымбаттауы мүмкін (бүгінде биржа елдегі мерекеге байланысты жабық).

Қазақстан Республикасы, Астана қ., Есіл ауданы, Достық көшесі 16, кірістірілген тұрғын емес үй 2 (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55  - Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  - Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «B+/B», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!