Carlyle және KKR қорлары – $10 млрд сомаға Discover студенттік несиелер қоржынына басты үміткерлер

Биржалық жаңалықтар

20 июня 2024, 14:45

Жеке инвестициялық компаниялар Carlyle Group Inc. (CG) және KKR (KKR) Discover Financial (DFS) кредиттік карталарының американдық эмитентінің студенттік кредиттер портфелін сатып алуға басты үміткерлер болып табылады. Қоржын көлемі $10 млрд. құрайды

БАҚ-тың хабарлауынша, бұл несиелік портфельге өтінім беру мүмкіндігін Ares Management (ARES), Blackstone (BX), Brookfield (BN), Fortress және Oaktree (OAK) сияқты басқа да жеке инвестициялар компаниялары зерттеді. Мәмілені маусым айының соңында немесе шілденің басында жабу жоспарланып отыр.

Discover Financial өткен жылдың қараша айында студенттік несиелер портфелін сату ниетін білдіріп, мәміле нәтижесінде бұл несиелерге қызмет көрсету үшінші тараптың мойнына түсетінін атап өткен.

Айта кетерлігі, ағымдағы жылдың басында $35,3 млрд-қа Discover Financial сатып алуға Уоррен Баффеттің қолдауына ие болған Capital One тұтынушы банкі ниет білдірген болатын.

Freedom Finance Global-дың жетекші талдаушысы Наталья Мильчакова АҚШ-та студенттік несиелеу әлі күнге дейін коммерциялық банктердің қызметтерінің бірі болып келгенін, бірақ жақында ғана бұл нарыққа банктік емес қаржы институттары да кіре бастағанын еске салады. Осы жылдың басында Carlyle инвестициялық қоры банктерден $415 млн сомаға студенттік кредиттер портфелін сатып алды, сондай-ақ студенттерді қаржыландыруға арналған алаң болып табылатын Monogram финтех-платформасына инвестиция салды.

Наталья Мильчакованың пікірінше, Carlyle-дың осы саладағы бизнесті кеңейтуге қызығушылығы қисынды көрінеді, себебі сатып алынған кредиттер портфелі осы қордың басқа финтех-қызметтерімен интеграциялануы мүмкін. Өз кезегінде, KKR қоры, Freedom Finance Global сарапшысының бақылауы бойынша, бәсекелестен қалмауға тырысады және онымен жылдам дамып келе жатқан финтех-қызметтер нарығына шығу үшін студенттік кредиттер қоржынын сатып алуда ынтымақтасуға ниетті.


Қазақстан Республикасы, Астана қ., Есіл ауданы, Достық көшесі 16, кірістірілген тұрғын емес үй 2 (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55 Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  * Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «B+/B», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!