RTX НАСА үшін жаңа скафандр жасаудан бас тартты

Биржалық жаңалықтар

1 July 2024, 15:26

Collins Aerospace - Қорғаныс корпорациясының бөлімшесі RTX Corp (NYSE: RTX) - НАСА үшін жаңа буын ғарыштық скафандр жасаудан бас тартты. Бұл күтпеген шешім прототипті сәтті тестілеу туралы хабарлардан кейін келді. Бас тартудың себептері әлі анық емес, бірақ НАСА-да осы жоба бойынша бір ғана мердігер қалды - мұндай әзірлемелерде тәжірибесі аз Axiom Space жеке компаниясы.
 
2022 ж. соңында NASA Collins Aerospace (RTX бөлімшесі) ашық ғарышта, ең алдымен салмағы жоқ жағдайда ғарыш станцияларында жұмыс істеу үшін скафандрлар әзірлейтінін жариялады. Axiom Space ай бетінде жұмыс істейтін скафандр әзірлеуге тапсырыс алды.
 
Collins Aerospace скафандрды сәтті әзірлеу және микрогравитация жағдайында (құлайтын ұшақ бортында) тестілеу туралы 2024ж. ақпан айында хабарлаған. NASA-ның бұрынғы астронавты, сынақшы Дэнни Оливас әзірлеменің сапасын жоғары бағалап, жаңа өнім ғарышкерлер шаттл мен Халықаралық ғарыш станциясында (ХҒС) жұмыс істеген ескі скафандрлардан әлдеқайда ыңғайлы екенін айтты.
 
Осы орайда әзірлемеден бас тарту күтпеген жағдай болды. Оның үстіне, Collins Aerospace НАСА-мен әзәрлемені тоқтату және болашақта бұл жұмысты жалғастырудан бас тарту туралы келісімге келгенін мәлімдеді.
 
Осылайша, скафандрларды әзірлеу жөніндегі xEVAS бағдарламасы қатерге ұшырады. Ескі скафандрларды тез арада өзгерту қажет, ал Axiom Space-тің баламаны әзірлеудегі табысы сұрақ астында қалады. Ашық ғарышта жұмыс істеуге арналған скафандр - бұл өте күрделі жүйе, іс жүзінде миниатюрадағы ғарыш кемесі. Өткен әзірлемелердің тәжірибесін жинақтап, астронавтардың өміріне қауіп төндіретін қателіктерге жол бермейтін инженерлер қажет.
 
Collins Aerospace қаражаттың көп жұмсалуына және білікті кадрлардың жетіспеушілігіне тап болды - қазіргі заманғы күрделі әзірлемелерде кең таралған проблема. Бұл ретте НАСА келісімшарты белгіленген бағаға ие болды және артық шығын Collins Aerospace үшін xEVAS бағдарламасына қатысуды шығынды ете алатын еді.
 
Мүмкін, басқа жағдайлардағы сияқты, НАСА ашық ғарышқа арналған өз скафандрын әзірлейтін SpaceX технологияларын пайдаланатын болады. Алайда, негізгі ғарыштық технологиялардың көпшілігінің бір компанияның қолына шоғырлануы америкалық ғарыш өнеркәсібіне жаңа тәуекелдерді қосады.
 
28 маусымда сауда-саттықта RTX акциясы $100,39 болды. Нарықтық капитализация $133,47 млрд.


Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 16-ғимарат, кіріктірілген тұрғын емес №2 үй-жай (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55  - Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  - Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «BB-», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!