SunPower және басқа да «жасыл» компаниялар SEIA есебінде өсті

Биржалық жаңалықтар

1 шілде 2024, 15:47

SunPower Corp. күн компаниясы (NASDAQ: SPWR) осы саладағы басқа да ойыншылар сияқты өткен аптада оң серпін алды. Оған АҚШ-тағы күн энергетикасы нарығының күшті динамикасын көрсеткен Күн энергетикасы қауымдастығының (SEIA) есебі себеп болды
 
SEIA есебіне сәйкес жылдың бірінші тоқсаны америкалық күн энергетикасы үшін тарихтағы екінші үздік тоқсан болды. 12-ге жуық гигаватт күн қуаты қосылды.
Тұтастай алғанда, күшті көрсеткіштер қатарынан екі тоқсаннан бері байқалуда, себебі 2023 жылдың төртінші тоқсанында да күн қуаты көп қосылды.
 
Негізгі сұранысты (қосылған 12 ішінен 10-ға жуық гигаватт) коммуналдық компаниялар үшін ірі күн электр станциялары қамтамасыз етті.
SunPower бұл нарықтан жақында үйдегі күн энергиясы жүйесіне назар аударып кетті. Бәлкім, бұл қате шешім болуы мүмкін, себебі «үй» сегменті керісінше бірінші тоқсанда 25% -ға төмендегенін көрсетті. Кредиттер құнының, инфляцияның және үй шаруашылықтарының өскен шығыстарының аясында америкалықтарға үйлерде күн панельдері мен аккумуляторларды орнатуды қаржыландыру қиындады.
Сондай-ақ, маңызды себептердің бірі Калифорниядағы орталық желілерге күн панельдерінен энергия бергені үшін сыйақының төмендеуі болды. Бұл панельдерді орнатуды аз тартымды етті.
 
SunPower өткен жылы шамамен $250 млн шығынға ұшырады, ал жағымсыз ақша ағыны $200 млн-ға жетті. Ағымдағы және келесі жыл SunPower үшін шығынды болуы мүмкін.
 
Дегенмен, SunPower акциясы SEIA есебінің бенефициарларының қатарында болды. Тіпті, SunPower нарықтың ең жылдам өсіп келе жатқан сегментінде жұмыс істемейтінін ескерсек, жалпы оң динамика - SunPower үшін де оң фактор. Түптеп келгенде, компания тағы да коммуналдық жобаларға ден қоя алады.
 
28 маусымда сауда-саттықта SPWR акциясы $2,96 болды. 


Қазақстан Республикасы, Астана қ., Есіл ауданы, Достық көшесі 16, кірістірілген тұрғын емес үй 2 (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55 Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  * Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «B+/B», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!