Google ЖИ серпілісі жағдайында қуаттылықты арттыру үшін күн энергетикасын жасаушылардың қолдауына инвестиция салады

Биржалық жаңалықтар

2 шілде 2024, 14:32

Google Тайванда жаңа күн қуаттылығының 1-гигаватты құбырын жасау үшін BlackRock (BLK) компаниясымен ынтымақтастық орнатпақ. Бұл туралы америкалық технологиялық алпауыт дүйсенбі күні хабарлады. Аталмыш қадамның мақсаты - энергетикалық қуаттарды ұлғайту және жасанды интеллект саласындағы серпіліс жағдайында көміртек шығарындыларын азайту.


Келісім аясында Google тайвандық күн энергетикасын әзірлеуші New Green Power компаниясына күрделі қаржы салуды жүзеге асырады. Бұл салымдар әлі де реттеуші органдардың мақұлдауын алуы тиіс. Болжанып отырған инвестициялардың нақты сомасы жария етілмейді.


Жаһандық EY консалтингтік компаниясының мәліметінше, Тайвань әлемдегі жартылай өткізгіш чиптердің 60% -ын шығарады. Бұдан басқа, оған озық ЖИ-процессорлар өндірісінің едәуір үлесі тиесілі. Сонымен қатар, чип шығаратын зауыттар энергияны көп қажет ететін кәсіпорындардың бірі болып табылады.


Тайвань экономика министрлігі жанындағы Энергетика басқармасының баяндамасына сәйкес, аралдағы энергияның 97% -ға жуығы жаңартылмайтын көздерден, оның ішінде көмір мен табиғи газдан өндіріледі. Бұл тұрғыда Google-дің күн энергетикасы саласындағы BlackRock-пен ынтымақтастығы өзекті және орынды болып табылады.
Freedom Finance Global-дың жетекші сарапшысы Наталья Мильчакова, сондай-ақ, корпорация 2030 жылға қарай атмосфераға нөлдік көміртек шығарындыларына қол жеткізуге ұмтылатынын ескерсек, бұл жобаға Google қызығушылығы түсінікті деп санайды. Сонымен қатар, сарапшының пікірінше, егер корпорация Тайваньда орнығатын болса, ол өзінің деректерді өңдеу орталықтары мен бұлтты жобалар үшін TSMC-ден чиптерді арзан сатып ала алады. Алайда Freedom Finance Global сарапшысы Black Rock-пен ынтымақтастықта New Green Power жобасының қаншалықты өміршең болатыны белгісіз екеніне назар аударады: оны жүзеге асыру көбінесе көп бөлігін ҚХР-дан ғана импорттауға болатын шикізаттың, материалдар мен құрамдауыштардың жалпы құны мен қолжетімділігіне байланысты болатынын атап өтуде.


Қазақстан Республикасы, Астана қ., Есіл ауданы, Достық көшесі 16, кірістірілген тұрғын емес үй 2 (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55 Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  * Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «B+/B», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!