Tesla Канададан Қытайдан электр көліктеріне тарифтерді төмендетуді сұрайды

Биржалық жаңалықтар

29 тамыз 2024, 13:30

Tesla (TSLA) Канада үкіметіне Қытайда шығарылған электр көліктеріне баж салығын төмендетуді өтінді.

Апта басында Канада АҚШ-тың үлгісіне сүйене отырып, Қытайда шығарылған барлық электромобильдерге 100% баж салығы енгізілетінін жариялады. 1 қазанда күшіне енетін баж салығы Қытайдан жеткізілетін барлық электромобильдерге, соның ішінде Tesla өнімдеріне де қолданылады. Автоөндіруші Еуропалық одақтағыға ұқсас мөлшерлеме белгілеуді сұрады. Осы айда ЕО компанияның Қытайда шығарған көліктеріне 9% баж салығын белгілеп, басқа қытайлық электромобиль импорттаушылар үшін енгізілген 36,3% ставкамен салыстырғанда Tesla-ға қатысты позициясын жеңілдетті.

Tesla өзінің қытайлық экспорттық жеткізілімдері туралы ақпаратты жария етпейді. Алайда, көлік құралдарын сәйкестендіру кодтары бойынша Model 3 седаны мен Model Y кроссовері Шанхайдан Канадаға экспортталғаны анықталды.

«Менің ойымша, Tesla-ның Канада үкіметінен оң жауап алу мүмкіндігі өте жоғары, себебі ол үнемі ЕО мен АҚШ-тағы одақтастарына қарап заңдар қабылдайды. Бұл жаңалықты Tesla акцияларының құны үшін қалыпты-оң деп атауға болады, себебі Канада билігінің оң шешімі компанияға олардың нарығындағы сату көлемінің күрт қысқаруын болдырмауға мүмкіндік береді, сондықтан АҚШ-та сауда-саттық ашылғанда Tesla бағалы қағаздарының баға белгіленімдері өсуге аздап серпін алуы мүмкін», - деп есептейді Freedom Finance Global сарапшысы Владимир Чернов. 

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 16-ғимарат, кіріктірілген тұрғын емес №2 үй-жай (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55  - Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

(+7 727 3557555 – қосымша)

7555  - Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «BB-», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!