Таяу Шығыс дағдарысы Halliburton* мұнай өсімінің қозғаушы күшіне айналды

Биржалық жаңалықтар

10 қазан 2024, 16:17

Таяу Шығыстағы кезекті ауқымды соғыс қаупі 2024 жылдың қыркүйек айының соңы мен қазан айының басында мұнай фьючерстері бағасының өсуіне алып келді. Инвесторлардың бір бөлігі мұнай бағасының барреліне $100-дан жоғары өсуіне арқа сүйейді.
Әскери дағдарыс салдарынан мұнай бағасының ықтимал өсуінің бенефициары Halliburton (NYSE: HAL) компаниясы болуы мүмкін. Ол мұнай өндiрудi тез кеңейту үшiн қажет болуы мүмкiн жабдықтарды өндiредi және оларға қызмет көрсетедi.
 
Halliburton (HAL) акциялары Инвестордың Жазылу сервисіндегі инвестициялық портфельге кіреді. Позиция қазан айының басында мұнай бағасының өсуін күтумен ашылды және әзірге елеулі пайда әкелген жоқ. Freedom Broker компаниясының Инвест-Тәлімгері Елена Беляеваның пікірінше, қағаз бойынша мақсатты деңгейлер қазір $38 шамасында, бірақ мұнай бағасының айтарлықтай өсуі орын алса, онда мақсаттар жоғарылайды. Елена 17 қазанда инвест-эфирде инвестициялық портфельге қандай акциялар мен ETF енгізу керектігін айтып береді.
 
Осы аптаның басында Brent маркалы мұнайдың фьючерстері барреліне $80 белгісінен асып түсті. Нарық әскери қақтығыстың кеңеюінен және Иранның мұнай инфрақұрылымына шабуыл жасаудан қауіптенеді. Бұл баррель бағасына $5 қосуы мүмкін. Алайда Иран күніне 3,4 млн баррельге жуық мұнай өндіріп қана қоймай, Таяу Шығыс өңірі де әр түрлі елдерге мұнай тасымалдау бағыттарының маңызды бөлігі болып табылады.
Сондықтан өткен аптада мұнай опциондары нарығындағы трейдерлер қараша және желтоқсанда жеткізілімдері бар барреліне $100 бағамен мөлшерлеме жасады.
 
Halliburton ғаламшардың түрлі өңірлеріндегі кен орындары үшін жабдықтар мен цифрлық технологияларды жеткізетіндіктен, жаһандық мұнай өндіруде маңызды рөл атқарады.
Бұдан басқа, Halliburton геотермалдық энергетиканың тез өсетін нарығы үшін технологияларды жеткізуші болып табылады.
 
Қазіргі уақытта Halliburton өнімінің рөлі өсті, себебі компаниялар өндіру шығындарын қысқарту және білікті жұмыс күшінің тапшылығын өтеу жолдарын іздеуде.
Halliburton осы бағыттағы технологиялық көшбасшылардың бірі болып табылады. Осылайша, 2024 жылғы қыркүйектің соңында компания өзінің Octiv Intelligent Fracturing Platform платформасы үшін жаңа Octiv Auto Frac қызметін ұсынды. Қызмет мұнай қабатты гидрожару әдісімен өндірілетін кен орындарының жұмыс процестерін цифрландыруға және автоматтандыруға мүмкіндік береді. Мұндай өндіру тәсілі АҚШ-та кеңінен қолданылады. Ол әлдеқайда қымбат және компаниялар осындай тәсілмен өндірілген мұнайдың өзіндік құнын төмендетуге ерекше мүдделі.
Halliburton мамандары бірінші болып қабаттың гидрожарылу процесін басқаруды цифрлауға қол жеткізді. Бұл кен орнын басқарудың еңбек сыйымдылығын төмендетіп қана қоймай, қоршаған ортаны ластайтын авариялар қаупін де азайтады.
9 қазандағы сауда-саттықта HAL акциясы $30,36 болды.


Қазақстан Республикасы, Астана қ., Есіл ауданы, Достық көшесі 16, кірістірілген тұрғын емес үй 2 (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55  - Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  - Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «B+/B», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!