Petrobras 2029 жылға дейін $55 млрд дивиденд төлейді

Биржалық жаңалықтар

22 қараша 2024, 20:25

Мұнай өнеркәсібіндегі мемлекеттік бразилиялық трансұлттық корпорация Petroleo Brasileiro S.A. (PBR) өзінің бес жылдық бизнес-жоспары шеңберінде 2029 жылға дейін дивидендтер түрінде $55 млрд бөлуді бекітті, деп хабарлайды Bloomberg.
Өндіруші осы кезеңде төтенше дивидендтер түрінде $10 млрд дейін төлей алады, делінген бейсенбіде берілген мәлімдемеде. Акционерлерге төлемдер Petrobras-та инвесторларды тартатын басты факторлардың бірі болып табылады. Компанияның дивидендтері Бразилия үкіметінің қаржылық жағдайын нығайтуға көмектесті, деп атап көрсетеді Bloomberg.
Petrobras сондай-ақ оның стратегиялық жоспары $111 млрд-қа дейін 9% -ға дерлік өскенін растады. Алайда корпорация 2025 жылы болжанатын күрделі шығындарды $21 млрд-тан $18,5 млрд-қа дейін қысқартты.
Шығындардың басым бөлігі — $77,3 млрд — Бразилия мен басқа елдердегі барлау және өндіру жобаларына жұмсалады. Petrobras - 2029 жылдан кейін дайын болатын 10 жаңа теңіз өндірістік қондырғысын және тағы да бес кемені салуды жоспарлап отыр. Petrobras Атлантиканың терең суларындағы өзінің алпауыт Бузиос кен орны үшін он екінші платформаны қоса алғанда, тағы да алты өндіруші кеме салу мүмкіндігін зерттейді.
Petrobras өз қарызының шегін $75 млрд-қа дейін арттырып, мұнай мен газ өндіруді кеңейтуге инвестиция салды. Компания сондай-ақ қолма-қол ақшаның ең төменгі қалдығын $8 млрд-тан $6 млрд-қа дейін төмендетті. Екі шара да корпорацияға дивидендтер төлеуде және инвестициялауда үлкен икемділік береді.

Бразилиялық Petrobras мұнай-газ корпорациясы 2025 жылдан бастап стратегиядағы өзгерістерге байланысты инвестициялық бағдарламаны қысқартуға ниетті болғандықтан, оның дивидендтерге бұрынғыдан әлдеқайда көп соманы бағыттай алатыны таң қаларлық емес, деп атап өтті Freedom Finance Global жетекші сарапшысы Наталья Мильчакова. Инвестициялық бағдарламаның қысқаруы корпорацияның жасыл энергетикаға қатысты жобаларға пайдасыз салымдардан бас тартуынан болатын сияқты.
Сонымен қатар компания өзінің бейінді қызметіне, яғни Бразилия аумағында және шетелде мұнай мен газдың жаңа перспективалы кен орындарын игеруге инвестицияларды қысқартпайды. Корпорацияның пайдасын дивидендтік төлемдер мен табыс жобаларына инвестициялар арасында бөлудің осындай оңтайлы үйлесімі келешекте оның нарықтық капиталдануының өсуінен оң көрініс табады.


Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 16-ғимарат, кіріктірілген тұрғын емес №2 үй-жай (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55  - Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

(+7 727 3557555 – қосымша)

7555  - Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «BB-», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!