Anglo American австралиялық Peabody Energy көмір шахталарын $3,78 млрд-қа сатады

Биржалық жаңалықтар

25 қараша 2024, 19:42

Тау-кен компаниясы және әлемдегі ең ірі платина өндіруші Anglo American компаниясы Австралияда кокстелетін көмір өндіру бойынша өз активтерін Peabody Energy (BTU) компаниясына сату туралы келісімге қол жеткізді, деп хабарлайды CNBC.
Мәміленің жалпы сомасы $3,8 млрд-қа дейін болуы мүмкін, оның $2 млрд-ы бірден төленеді. Тағы $700 млн жыл сайынғы төрт траншқа бөлінеді, оларды сатып алушы мәміле аяқталғаннан кейін бір жылдан кейін төлей бастайды. Бұдан басқа, келісім активтердің болашақтағы табыстылығына байланысты $550 млн-ға дейінгі қосымша төлемдерді, сондай-ақ Австралияның Квинсленд штатында Grosvenor шахтасын қайта іске қосу шартымен төленетін $450 млн-ды қамтиды.
Келісім 2025 жылдың ортасында жасалуы тиіс. Anglo American Jellinbah көмір шахтасындағы үлесті $1,1 млрд-қа сатуды ескергенде, металлургиялық көмір өндіретін барлық бизнес үшін $4,9 млрд-қа дейін алады деп күтеді
Активтерді сату туралы шешім мыс, жоғары сапалы темір кені шикізаты мен тыңайтқыштар өндірісіне күш-жігерін жұмылдыруға бағытталған компанияның жаңа стратегиясына сәйкес келеді. Компанияның бас директоры Дункан Ванблад серіктестердің де холдингтің никель бизнесіне елеулі қызығушылық танытатынын атап өтті.
Anglo American компаниясының Австралиядағы көмір бизнесін профильді инвесторға сатуы оның жаңартылған даму стратегиясы аясында қисынды болып көрінеді, дейді Freedom Finance Global компаниясының жетекші талдаушысы Наталья Мильчакова. Қазiргi уақытта көптеген iрi тау-кен корпорациялары өздерiнiң тұрақты даму жобалары шеңберiнде пайдалы қазбаларды өндiру және қайта өңдеу жобаларынан шығып жатыр, олар қоршаған ортаны қорғауға орасан зор инвестицияларды, ал таяу уақыттан бастап көмiртектi қалдықтарды аулау технологиясына салымдарды қажет етедi.
Anglo American бизнесті сатудан кейін алмаздар мен әлемде сұранысқа ие электр көлігін өндірушілерге, мыс, литий, минералды тыңайтқыштар және сирек кездесетін металдар өндіру жобаларына баса назар аудара алады. Мәмілені қаржыландыру тетігі уақыт жағынан созылған болса да, сатушы мен сатып алушының мүдделерін өзара ескеру үшін жеткілікті икемді болып көрінеді.


Қазақстан Республикасы, Астана қ., Есіл ауданы, Достық көшесі 16, кірістірілген тұрғын емес үй 2 (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55 Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  * Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «B+/B», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!