Freedom Holding Corp. компаниясының іскерлік белсенділік индекстері (PMI) қазақ тілінде жариялана бастады

Freedom Holding Corp. жаңалықтары

4 желтоқсан 2024, 14:50

Алматы қ.,4 желтоқсан 2024 жыл


2024 жылдың желтоқсан айынан бастап Freedom Holding Corp.-тың Қазақстанның өңдеу және қызмет көрсету салаларына арналған іскерлік белсенділік индекстері (PMI®) мемлекеттік тілде жариялана бастады. Осылайша, мемлекеттік тілдегі коммуникацияларды жөн санайтын кәсіпкерлер, менеджерлер мен сарапшылар нарықтық жағдайды бағалауда индекс ұсынған мәліметтерді кеңінен қолдана алады.


Америкалық S&P Global корпорациясы Қазақстандағы өңдеу және қызмет көрсету салаларының іскерлік белсенділік индекстерін 2019 жылғы наурыздан жүргізе бастады. S&P Global – талдау және іскери ақпарат беру нарығындағы әлемдік көшбасшылардың бірі.


Қазақстанның өңдеуші салаларының PMI 250-ге жуық кәсіпорындағы сатып алу жөніндегі менеджерлерінің сауалнамаға берген жауабы негізінде ай сайынғы негізде шығарылады. Респонденттер тобы компанияның ЖІӨ-дегі үлесі мен қызметкер саны бойынша бөлінеді. Индикатор әр түрлі үлес салмақтары бар бес көрсеткішке негізделген: жаңа тапсырыстар (30%), өндіріс көлемі (25%), қамтылу — (20%), ресурстарды жеткізу уақыты (15%), ресурстар қоры (10%).


Осыған ұқсас әдіс PMI қызмет көрсету саласын дайындауда қолданылады.


PMI индекстері нарықта қалыптасқан ахуалды көрсетеді. Олар әлемнің 40-тан астам елінде жүргізіледі, бұл бүкіл әлемдегі орталық банктер, қаржы нарықтары және компания басшылары үшін жол нұсқаушы.


2024 жылдың қыркүйегінде Freedom Holding Corp. Қазақстандағы индекстердің демеушісі болды. Индекстер келесі атаулармен жариялана бастады: Freedom Holding Corp. Қазақстандағы өңдеуші салалар бойынша PMI® және Freedom Holding Corp. Қазақстандағы қызмет көрсету салалары бойынша іскерлік белсенділік PMI®.


Демеушілік басталғаннан кейінгі Freedom Holding Corp. ұсынған маңызды бастаманың бірі - S&P Global индекстерін қазақ тілінде шығару. Тараптардың бірлескен жұмысының нәтижесінде қазақстандық нарықта алғаш рет PMI индекстері желтоқсан айында (қараша айының қорытындысы бойынша) мемлекеттік тілде жарияланды.


Осылайша қазақ тілді бизнес-аудитория мен сараптау-талдау қоғамдастығы аудармамен бұрмаланбаған ақпарат алуға мүмкіндік туды. Бұл қадам қазақ тілдіндегі талдау мен сараптауды дамытуға ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның іскерлік ортасындағы мемлекеттік тілді нығайтуға да ықпал етеді.


Freedom Holding Corp. PMI ай сайынғы басылымдар орналастырылған бөліміне сілтеме: https://ffin.kz/kk/analytics/kz


Freedom Holding Corp. Қазақстандағы өңдеуші салалар бойынша PMI® қараша айы 2024 жылғы сілтемесі: https://ffin.kz/file/2024/12/02/kz_manufacturing_kaz_2412_lite.pdf


Freedom Holding Corp. Қазақстандағы қызмет көрсету салалары бойынша іскерлік белсенділік PMI® қараша айы 2024 жылғы сілтемесі: https://ffin.kz/file/2024/12/04/kz_services_kaz_2412.pdf


БАҚ үшін байланыстар:
[email protected]

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 16-ғимарат, кіріктірілген тұрғын емес №2 үй-жай (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55  - Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  - Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «BB-», болжамы «Тұрақты».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!