Студеттен Freedom Holding Corp. компаниясының талдаушысына дейін

Фридом жаңалықтары

20 марта 2025, 15:35

Біз ұзақ уақыт бойы кіші талдаушы лауазымына лайық кандидаттар таба алмай жүрдік. Сол үшін студенттерді өз бетімізше оқытуды жөн санадық.


Біз серіктестерімізбен бірлесіп кіші талдаушылар үшін арнайы курс әзірлеп қойдық.

2024 жылы қыркүйек айында біз Freedom Broker-дің ресми сайтында сипаттамасы көрсетілген, тіркелу туралы мәлімет және қабылдау тесті бар парақша аштық.

Біз Қазақстанның ең ірі жоғары оқу орындарында бағдарламамыз жайында айтқан едік. Студенттер үлкен қызығушылық танытты.


1300-ден астам қабылдау тестін тапсырды, олардың 400-і оны ойдағыдай нәтиже көрсетіп, оқуды бастап кетті. 100 адам екі ай бойы қашықтан оқу кезінде белсенділік танытып отырды.


2024 жылы желтоқсанда біз аралық және қаржылық емтиханға негізделіп, үздік 50 оқушыны іріктеп, олардың әрқайсымен сұхбаттасқан едік.


Нәтижесінде, 2025 жылдың басында біз жұмысқа 14 адам қабылдадық. Бұл - табанды да, дарынды жастар.


Біз Астана және Алматы қалаларында талдаушылардан құралған командамызды кеңейттік. Жаңадан келген жас мамандар компаниямызға сүбелі үлес қосады деген сенімдеміз!


Жанайдар Зұлпайдар, ҚБТУ: Бұл жұмыс мен үшін индустриядағы алғашқы қадамым болмақ әрі нарықтағы тетіктерді тереңірек түсінуге мүмкіндік береді деген үміттемін. Теорияны жай ғана меңгеріп қоймай, шынайы инаестициялық шешімдерге де қатысқым келеді.


Балжан Тілеужанова, ҚазЭУ: Мен кәсіпқой маман ретінде дамуыма көмектесетін қызықты тапсырмалар болады деп күтемін. Сондай-ақ инвестициялық құралдармен және талдаумен жұмыс істегенде керемет тәжірибе жинаймын деген үміттемін.


Ертай Қанағат, ҚБТУ: Мен компанияны терең талдап, қаржы нарығын зерттеп, негізделген инвестициялық ұсынымдарды қалыптастыруға мүмкіндігім болады деген үміттемін.


Арайлым Қанатқызы, Назарбаев Университеті: Мен Freedom-дағы кіші талдаушы ретіндегі жұмысым, әсіресе АҚШ-тағы қаржылық көрсеткіші төмендеу компанияларды талдау, жоғары басшылықпен өзара іс-қимыл жасау және инвестициялық конференцияларға қатысу арқылы тың білімге және мүмкіндіктерге толы болады деп күтемін.


Медина Абдуллина, Назарбаев Университеті: Мен кіші талдаушы ретінде қаржылық деректерді жинап, талдаумен, моделдер құрумен, есептер дайындаумен және салалық үрдістерді зерттеумен айналысамын деп үміттемін. Бұл - талдаудағы дағдымды дамытып, кәсіпқойлар командасында жұмыс істеуге және керемет тәжірибе жинауға тамаша мүмкіндік.


Әлинұр Бейсенбай, Назарбаев Университеті: Алған білімім маған талдау саласында құзыреттілік деңгейімді арттырып, қызықты жағдайлармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді деп сенемін.


Саид Мусаев, Maqsut Narikbayev University: Freedom-да жұмыс істегенде мен кәсіби дағдым өсіп қана қоймай, сондай-ақ жалпы талдаушы ретінде дами түсемін деген үміттемін. Мен компанияларды бағалауға қатысты қызықты тапсырмалармен жұмыс істеймін, сондай-ақ инвестициялық талдау ортасында өз дағдымды дамыта аламын деп үміттенемін.


Назерке Баймұқан, Назарбаев Университеті: Мен Freedom-да жұмыс істегенде инвестициялардағы сараптаманы кеңейтіп, тамаша практикалық тәжірибе жинап, пікірлес адамдар арасында дамуға мүмкіндігім болады деген үміттемін.


Әлібек Сағантай, ҚМЭБИ: Мен қашанда мансабымды акциялар нарығымен байланыстырғым келетін, ал мұндай мүмкіндікті маған Фридом Финанс берді. Мен жұмысымда практикалық тәжірибе жинап, терең білім алып, жеке тұлға ретінде өсемін деп күтемін.


Даниал Ермахан, ҚМЭБИ: Фридомдағы жұмысымда компанияларды талдап, бағалаудың әртүрлі әдістерін қолдануды тереңірек түсінуге мүмкіндігім болады деген үміттемін. Сондай-ақ, мен деректермен жұмыс істегенде дағдымды дамытып, инвестициялық идеяларды керемет құрылымдауды үйренгім келеді.






Қазақстан Республикасы, Астана қ., Есіл ауданы, Достық көшесі 16, кірістірілген тұрғын емес үй 2 (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55 Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  * Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «B+/B», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!