Алматы қаласында Freedom Cloud заманауи дата-орталығының құрылысы басталды

Freedom Holding Corp. жаңалықтары

18 сәуір 2025, 20:19

Жоба Қазақстанның технологиялық беделін нығайтуға және жаһандық ІТ-компанияларды тартуға бағытталған


18 сәуір 2025 ж., Алматы
— «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағында ("Алатау" ИТП АЭА) Қазақстанның цифрлық инфрақұрылымындағы маңызды нысандардың бірі  Freedom Cloud деректер орталығының құрылысы ресми түрде басталды.  Жоба елдің технологиялық егемендігін нығайтуға және жетекші әлемдік ІТ-компаниялар үшін Қазақстанның беделін арттыруға бағытталған.


Салтанатты шараға ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мадиев, Freedom Holding Corp. компаниясының бас атқарушы директоры Тимур Турлов және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров қатысты.

 «Қазақстанда деректерді өңдеу орталықтарын салу — заманауи цифрлық инфрақұрылымды құру жолындағы маңызды қадам. Бұл нысандар тек сенімді деректер сақтау мен өңдеуді қамтамасыз етіп қана қоймай, жаһандық ақпараттық экожүйенің ажырамас бөлігіне айналады. Біз халықаралық цифрлық процестерге интеграциялануға ұмтыламыз. Бұл еліміздің жаһандық нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, деректер орталықтарының дамуы ІТ-нарығымыздың дамуына сілкініс әкеледі және цифрландыруды жеделдетіп, бизнес пен азаматтар, қолданушылар үшін жаңа мүмкіндіктер ашады», - деді министр Жаслан Мадиев өз сөзінде.


Тимур Турлов, Freedom Holding Corp. бас атқарушы директоры:
«Деректер орталығы — тек үлкен инфрақұрылымның бір бөлігі емес, ол біздің технологиялық дербестігіміздің негізі болады. Сондай-ақ, Қазақстанды халықаралық ІТ-компаниялар үшін қызықты етіп, азаматтарымызға жаңа жұмыс орындары мен мүмкіндіктер ұсынады. Біз мұндай заманауи нысандарды еліміздің басқа өңірлерінде де дамытуды жоспарлап отырмыз. Біздің мақсатымыз — Қазақстанның түкпір-түкпірінде өсіп келе жатқан ІТ-сектордың сұранысын қанағаттандыратын заманауи деректер орталықтарын құру. Бүгін біз осы бағытта тағы бір маңызды қадам жасадық».


Жаңа деректер орталығында әрқайсысы 15 кВт-қа дейін қуат тұтынатын 480 серверлік орын (стойка) орналастырылады - бұл 7–10 электр шәйнегі немесе 5–7 ойын компьютерінің қуатына тең. Пайдалы IT-қуаттылық 7,2 МВт-ты, ал жалпы энергия тұтыну көлемі 13 МВт-ты құрайды.  Бұл көлем - салқындату мен инфрақұрылымды қолдау жүйелерін қоса алғанда, шағын қаланың энергия тұтынуымен салыстыруға болады. Нысан сенімділік пен энергия тиімділігі бойынша әлемдік стандарттарға сай.


Деректер орталығы - цифрлық қызметтерді жергілікті деңгейде дамыту және ірі халықаралық технологиялық компанияларды тарту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру негізінде жасалған стратегиялық қадам. Жоба Қазақстан арқылы Еуропа мен Қытайды байланыстыратын деректер тасымалдаудың балама транзиттік арнасын қалыптастырып, елдің Еуразиядағы цифрлық хаб ретіндегі позициясын нығайтып, халықаралық әріптестік үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.



Әлішер Әбдіқадыров, Алматы қаласы әкімінің орынбасары:
«Бұл жоба Алматыға жаңа технологиялар мен инновацияларды тартуға мүмкіндік береді. Біз инвесторларды қызықтыратын, дарындыларды қолдайтын және жаңа жетістіктерге жол ашатын инфрақұрылымды дамытып жатырмыз».



Freedom Cloud Қазақстанның цифрлық экожүйесінің маңызды элементіне айналып, бизнес, мемлекет және халықаралық серіктестік үшін жаңа мүмкіндіктер кезеңін ашады. Аталмыш жоба Қазақстанның жаһандық технологиялық қауымдастықтағы беделін арттырып, тұрақты цифрлық болашақтың мызғымас іргетасын қалайды.


Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 16-ғимарат, кіріктірілген тұрғын емес №2 үй-жай (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55  - Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  - Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «B+/B», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!