Қытайдың өнеркәсіптік кәсіпорындарының табысы өсімді қалпына келтірді
Биржалық жаңалықтар
28 сәуір 2025, 19:00
Қытайдың ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының пайдасы 2025 жылдың бірінші тоқсанында жылдық көрсеткіште 0,8% -ға өсіп, шамамен 1,51 трлн юаньға ($206,8 млрд) жетті, деп хабарлайды CNBC.
Бұл 2024 жылдың үшінші тоқсанынан бастап тіркелген ұзақ төмендеу кезеңінен кейінгі көрсеткіштің алғашқы өсуі болды, ол кезде жыл қорытындысы бойынша пайда 3,3% -ға қысқарды.
Наурызда өнеркәсіп кәсіпорындарының пайдасы 2024 жылдың осындай айымен салыстырғанда 2,6% -ға ұлғайды. Айта кетерлігі, өнеркәсіптің 41 саласының 24-інде жақсару байқалған, ал өңдеу секторында қаңтар-наурызда пайданың өсуі 7,6% -ды құрады, бұл алғашқы екі айдың нәтижесінен 2,8 пайыздық тармаққа жоғары.
Әсіресе Гонконг, Макао және Тайваньдағы шетелдік кәсіпорындар мен компаниялардың пайдасы 2,8% -ға өсті. Сонымен қатар мемлекеттік кәсіпорындардың пайдасы 1,4% -ға төмендеді.
Freedom Finance Global сарапшысы Владимир Чернов Қытайдың өнеркәсіптік кәсіпорындарының табысы өсуінің жаңаруы экономиканың тұрақтануын және үкіметтің өндірісті қолдау жөніндегі шараларының тиімділігін көрсететінін атап өтті. Бұл қытай компаниялары акцияларының құнына, әсiресе экспортқа және iшкi тұтынуға байланысты секторларға оң әсер етуi мүмкiн. Алайда, жаһандық баж салықтары мен геосаяси тәуекелдер тарапынан жасалған қысым бұл трендтің ұзақ мерзімді әсерін шектеуі мүмкін.