АҚШ-тың қор индекстері тарифтерді уақытша төмендету туралы уағдаластықтан кейін өсуде

Биржалық жаңалықтар

12 May 2025, 19:40

АҚШ-тың қор индекстері 12 мамырда сауда-саттықтың басында (S&P500: +2,69%) өсім көрсетіп, наурыздың басынан бастап максимумға жетті, себебі Қытаймен тарифтерді төмендету туралы маңызды келісім әлемдік сауданың болашағына қатысты бірнеше апталық белгісіздіктен кейін бүкіл әлем бойынша инвесторларды тыныштандырды.
АҚШ осы жылдың сәуір айында Қытай импортына енгізген қосымша тарифтерді 145% -дан 30% -ға дейін төмендетеді, ал АҚШ импортына қытайлық баж салығы 125% -дан 10% -ға дейін төмендейді. Жаңа шаралар 90 күн бойы қолданылатын болады. Трамп Қытай көшбасшысы Си Цзиньпинмен осы аптаның соңында сөйлесетінін айтты. Трамп өз әкімшілігінің Қытай өнімдеріне тарифтері 145% -ға қайтады деп күтпейтінін де айтты.
Индекстер динамикасына мегкаптар мен жартылай өткізгіш акциялар, оның ішінде Apple (NASDAQ: AAPL) айтарлықтай әсер етеді. Tesla (NASDAQ: TSLA) акциялары жасыл аймақта төртінші күн қатарынан сауда-саттықты жалғастыруда. Нәтижесінде компания нарықтық капиталдандыру бойынша «триллионерлер клубына» қосылды. Wedbush Securities келесі 90 күн ішінде АҚШ пен Қытай арасындағы тарифтердің едәуір төмендеуі технологиялық компаниялардың акциялары үшін «ең жақсы сценарий» болып табылатынын атап өтті.
Уолл-стрит «қорқыныш индикаторы» CBOE құбылмалылық индексі наурыз айының соңынан бері алғаш рет 20 пункттен төмен түсті.


Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 16-ғимарат, кіріктірілген тұрғын емес №2 үй-жай (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55  - Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  - Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «B+/B», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!