Microsoft зиянды Lumma Stealer бағдарламасына қарсы талап-арыз берді

Биржалық жаңалықтар

22 мамыр 2025, 17:05

Microsoft корпорациясы (MSFT) пайдаланушылардың құпия деректерін ұрлайтын зиянды Lumma Stealer бағдарламалық жасақтамасын жасаушыларға қарсы құқықтық шаралар туралы жариялады, деп жазады Reuters.
Джорджияның Солтүстік округіндегі федералды соттың шешімімен компанияның сандық қылмыстарға қарсы күрес жөніндегі бөлімшесіне Lumma инфрақұрылымында негізгі рөл атқарған 2300-ге жуық веб-сайттарды жабуға, бұғаттауға немесе тоқтатуға рұқсат берілді.
Операция Microsoft компаниясының АҚШ Әділет министрлігімен, Европолмен және Жапонияның Киберқылмыспен күрес орталығымен тығыз ынтымақтастығының нәтижесі болды. Бірлескен іс-қимылдар шеңберінде Lumma-ның орталық командалық серверлері тәркіленді, осы зиянды құрал сатылған базарлардың жұмысы бұзылды және оның таралуын қамтамасыз ететін жергілікті тораптар бұғатталды.
Lumma Stealer қауіпсіздікке елеулі қауіп төндіреді: ол парольдерді, банк карталарының деректерін, криптокошелькаларды және басқа да сезімтал ақпаратты ұрлауға қабілетті. Бұдан басқа, бағдарлама құрбан болғандардың құрылғыларына қосымша зиянды бағдарламаларды орнатуы мүмкін. Тек 2024 жылдың наурызынан мамырына дейін бүкіл әлем бойынша 394 мыңнан астам Windows-құрылғыларының зақымдануы тіркелді.
Microsoft мұндай қауіп-қатерлермен күрес кешенді тәсілді, халықаралық ынтымақтастықты және цифрлық қауіпсіздік құралдарын үнемі жетілдіруді талап етеді деп атап көрсетеді.
Microsoft-тың зиянды Lumma Stealer бағдарламалық жасақтамасын жасаушыларға қарсы талабы технологиялық алыптар үшін киберқауіпсіздіктің өсіп келе жатқан маңыздылығын көрсетеді, деп атап өтті Freedom Finance Global сарапшысы Владимир Чернов. Талап қоюдың өзі Microsoft бағалы қағаздарының бағамдарына елеулі әсер етпесе де, ол компанияның Windows экожүйесі мен корпоративтік клиенттерді белсенді қорғауға дайындығын көрсетеді.
Бұл Microsoft-тың бұлтты және SaaS-өнiмдерiне, әсiресе корпоративтiк сегментте сенiмдi нығайтады. Инвесторлар үшін жаңалық бейтарап, бірақ ол инфрақұрылым мен қауіпсіздікті жеткізуші ретінде Microsoft-тың күшеюінің жалпы трендіне сәйкес келеді. Егер қорғауды күшейту бәсекелестік артықшылыққа айналса, ұзақ мерзімді әсер оң болуы мүмкін.


Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 16-ғимарат, кіріктірілген тұрғын емес №2 үй-жай (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55  - Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  - Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «BB-», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!