Freedom Holding Corp. компаниясы беделді Russell 3000 индексіне енгізілді

Фридом жаңалықтары

29 мамыр 2025, 12:05

2025 жылғы 29 мамыр, Алматы
Freedom Holding Corp. (NASDAQ: FRHC) компаниясы 2025 жылғы жыл сайынғы қайта теңгерімдеу шеңберінде өз акцияларының Russell 3000 индексінің есебіне енгізілгені туралы хабарлайды. Акциялардың индекске енгізілуі 2025 жылғы 27 маусымда Америка нарығы жабылғаннан кейін күшіне енеді.

Russell 3000 индексі АҚШ-тың инвестицияланған акциялар нарығының шамамен 98%-ын құрайтын 3 019 ең ірі америкалық компанияның серпінін бақылайды. Акциялардың бұл индекске қосылуы компанияның қаржылық жағдайын, тұрақтылығын және өсуін көрсететін маңызды жетістік болып табылады, инвесторлардың арасында олардың танымалдылығын арттырып, жаһандық инвестициялық қорлардың индексті бағыт-бағдар ретінде кеңінен қолдануы арқылы сауда белсенділігінің артуына әкелуі мүмкін. Бұл қорлардың ішіндегі ең танымал қорлар - iShares Russell 3000 ETF (IWV) және Vanguard Russell 3000 ETF (VTHR) қорлары бар, олардың басқаруында 18 миллиард АҚШ долларынан астам қаражат бар.

Акциялардың Russell 3000 индексіне қосылуы Russell 1000 (ірі капиталдандыру) немесе Russell 2000 (шағын капиталдандыру) индекстерінің бірінде, сондай-ақ тиісті өсу және құн индекстерінде барын білдіреді. Әзірге компанияның қай топқа жататындығы туралы ресми растау жоқ.  Мұндай растау кейінірек, яғни жылына бірнеше рет орналастырылған индекстің тұрақты жаңартуларынан кейін пайда болады. Инвесторлар 30 мамырда, 6 маусымда, 13 маусымда және 20 маусымда жарияланатын жаңартуларды бақылай алады.

Freedom Holding Corp. компаниясының бас атқарушы директоры Тимур Турлов:
«Компанияның беделді Russell 3000 индексіне қосылуы біздің орнықты өскенімізді және әлемдік қаржы нарықтарындағы орнымыздың нығайғанын растайтын маңызды кезең болды. Мұндай мүмкіндік біздің бүкіл командамыздың қажырлы еңбегі мен белсенділігін, сондай-ақ акционерлер үшін құндылық жасауға деген адалдықты көрсетеді. Біз бұл жағдай компанияның институционалдық инвесторлардың арасында танымалдылығын арттырып, акционерлік базамызды кеңейтіп, компанияның қаржы индустриясында негізгі ойыншы ретіндегі орнын нығайтады деген сенімдеміз».

2025 жылғы 23 мамырдағы қайта қарау қорытындысы бойынша Russell 3000 индексіне енгізілген компаниялардың жаңа тізімі FTSE Russell индексінің ресми сайтында жарияланған және мынадай:
https://www.lseg.com/content/dam/ftse-russell/en_us/documents/other/ru3000-additions-20250523.pdf сілтемесі арқылы қолжетімді.


Болжамдық сипаттағы мәлімдемелер

Осы хабарлама Бағалы қағаздар туралы істер бойынша сот талқылауын реформалау туралы 1995 жылғы АҚШ Заңында айқындалған мағынада болжамды сипаттағы мәлімдемелерді, соның ішінде жақында жарияланған Freedom Holding Corp. компаниясының Russell 3000 индексіне қосылуына қатысты мәлімдемелерді, сондай-ақ басқа индекстерге ену, хабардарлықты арттыру, акционерлік базаны кеңейту, сауда белсенділігін арттыру және тарихи фактілерге қатысы жоқ басқа мәселелер сияқты осындай енгізудің болжамды пайдасын қамтиды.

Болжамдық сипаттағы мәлімдемелер болашақ нәтижелердің кепілі болып табылмайды және тәуекелдермен және белгісіздікпен, соның ішінде Freedom Holding Corp. компаниясының Russell 3000 индексіне қосылуы осы хабарламада сипатталған болжамды пайдаға әкелмейді деген тәуекелмен, сондай-ақ Freedom Holding Corp.  компаниясының соңғы жылдық және тоқсандық есептеріндегі, сондай-ақ АҚШ-тың Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясына (SEC) ұсынылған басқа құжаттардағы тәуекел факторлары туралы бөлімде көрсетілген өзге де тәуекелдермен байланысты.
Осы болжамды сипаттағы мәлімдемелер тек осы құжаттың күніне ғана маңызды болып отыр. Компания жаңа ақпараттың келіп түсуіне, болашақ оқиғалардың басталуына байланысты немесе кез келген басқа себеппен осындай мәлімдемелерді жаңарту немесе қайта қарау міндеттемесін өзіне алмайды.


Компания туралы

Freedom Holding Corp. компаниясы әртараптандырылған қаржылық қызмет көрсететін, брокерлік қызметпен, бағалы қағаздармен сауда жасаумен, инвестициялық зерттеулермен және консультация берумен, инвестициялық банктік және андеррайтингтік қызметтермен, ипотекамен, сақтандырумен, телекоммуникациямен, авиабилеттер мен мәдени және спорттық іс-шараларға билеттерді онлайн сатумен айналысатын компания, онлайн супермаркет қызметтерін және басқаларын ұсынады. Freedom Holding Corp. компаниясының еншілес компанияларын ескере отырып, оның 8,2 мыңнан астам қызметкері бар. Холдингтің бөлімшелері мен еншілес компаниялары 22 елде орналасқан, соның ішінде Қазақстанда, АҚШ-та, Кипрде, Польшада, Испанияда, Өзбекстанда және тағы басқа елдерде бар. Freedom Holding Corp. компаниясының жай акциялары АҚШ-тың Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясында тіркелген және Nasdaq Capital Market-те FRHC тикерімен саудаланаы.


БАҚ үшін байланыс деректері:
[email protected]
www.freedomholdingcorp.com

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 16-ғимарат, кіріктірілген тұрғын емес №2 үй-жай (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55  - Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  - Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «B+/B», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!