NVIDIA Еуропадағы позициясын күшейтеді: жаңа инвестициялар мен АИ саласындағы әріптестік
Биржалық жаңалықтар
12 маусым 2025, 16:38
NVIDIA деректер орталықтарына инвестиция салып, жергілікті компаниялармен серіктестік құра отырып, Еуропадағы қатысуын белсенді түрде кеңейтуде. Freedom Finance Holding сарапшыларының пікірінше, бұл өңірде АИ-шешімдерге деген сұраныстың өсуін ескере отырып, стратегиялық дұрыс қадам. Еуропадағы NVIDIA позициясының нығаюы компания акцияларының бағамдалуына, әсіресе, егер ол өз өнімдерін жергілікті нарықтың ерекшелігіне бейімдесе, оң әсер етуі мүмкін.
Алайда сарапшылар реттеушілік бақылауды қатаңдатуды және монополияға қарсы тергеуді қоса алғанда, әлеуетті тәуекелдерге назар аударады. Бұдан басқа, AMD-мен бәсекелестік сақталып отыр, ол сондай-ақ өзінің AI-шешімдерін белсенді дамытуда. Дегенмен, NVIDIA-ның ағымдағы стратегиясы оның еуропалық жасанды интеллект нарығының ұзақ мерзімді өсуіне сенімін көрсетеді.