Freedom Broker-дің 2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша қолданыстағы клиенттерінің жалпы саны 285 мың. 2025 жылғы қаңтар – маусымда бағалы қағаздармен 17,3 млн мәміле жүзеге асырылып, 52,7 жаңа брокерлік шот ашылды, бұл алдыңғы жарты жылға қарағанда 32%-ға көбірек.
Freedom Broker-дің клиенттерінің арасындағы танымал үздік 5 акция (2025 ж. қаңтар - маусым)
Мәмілелердің саны жағынан
Қазақстан нарығы
1. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ (HSBK)
2. «Банк ЦентрКредит» АҚ (CCBN)
3. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ (KZAP)
4. «ForteBank» АҚ (ASBN)
5. «Эйр Астана» АҚ (AIRA)
Америка нарығы
1. Nvidia (NVDA)
2. Tesla (TSLA)
3. Palantir Technologies (PLTR)
4. Marathon Digital Holdings (MARA)
5. Advanced Micro Devices, Inc. (AMD)
Мәмілелердің көлемі жағынан
Қазақстан нарығы
1. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ (HSBK)
2. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ (KMGZ)
3. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ (KZAP)
4. «Қазақтелеком» АҚ (KZTK)
5. «Кселл» АҚ (KCEL)
Америка нарығы
1. Petróleo Brasileiro (PBR)
2. Newmont Corporation (NEM)
3. Alibaba Group Holding (BABA)
4. Nvidia (NVDA)
5. ASML Holding (ASML)
Екінші тоқсанда Freedom Broker клиенттік сервистің сапасын арттыруға бағытталған ITS (Investment Trade Solution) компаниясымен технологиялық әріптестікті күшейтуді жалғастырды. Айта кету керек, ITS 2025 жылғы бірінші жартыжылдықта сауда көлемі жағынан жетекші алаңға айналды.
Бөлшек инвесторлар үшін мүмкіндіктерді дәйекті кеңейту шеңберінде, есепті тоқсанда компания Freedom Broker-дің платформасын меңгеріп, инвестициялар туралы білімдерін тереңдеткісі келетін клиенттер үшін «Академик» тарифін іске қосты. Қосылған сәттен бастап 90 күн бойы жарамды жаңа тариф оқыту мен мәмілелер бойынша жеңілдікті талаптарды қамтиды.
S&P Global Ratings халықаралық агенттігі «Фридом Финанс» АҚ-тың және Freedom Finance Global-дың рейтингтері бойынша болжамды «тұрақтыдан» «позитивті» болжамға қайта қарап, тәуекелді басқару мен комплаенс жүйесін нығайту аясында «В+/В» деңгейінде ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді рейтингтерді растады. Ұлттық шкала бойынша «Фридом Финанс» АҚ-тың рейтингтері «kzBBB»-тен «kzBBB+»-ке дейін. Рейтингтер бойынша «оң» болжам тәуекелдерді басқару мен комплаенстың жалпы жүйесін құрудағы, сондай-ақ осы функцияларды қаржылық еншілес компаниялар деңгейінде нығайтудағы елеулі прогресті көрсетеді.
«Фридом Финанс» АҚ 2025 жылғы қаңтар-наурыз айларының қорытындылары бойынша Cbonds Қазақстан облигацияларын ұйымдастырушылардың рэнкингтерін барлық санатта басқарды: барлық шығарылым, нарықтық шығарылым, KASE-де орналастыру, AIX-те орналастыру.
Freedom Broker KASE мүшелерінің белсенділік рэнкингінде көшбасшылықты одан әрі сақтауда. 2025 жылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша Freedom Finance Global нарықтың екі секторы саналатын борыштық және мемлекеттік бағалы қағаздар секторларында, ал «Фридом Финанс» АҚ РЕПО секторында бірінші орынға жайғасты.
2026 фискалдық жылғы бірінші тоқсандағы Freedom Finance Global-дың нәтижелері *
Freedom Finance Global-дың активтері есепті кезеңнің қорытындысы бойынша 225,6 млн АҚШ долларын құрады, көрсеткіштің аздап төмендеуі компанияның сауда портфелінің әділ құнының 4,2 млн АҚШ долларына немесе бағалы қағаздар бойынша нарықтық баға белгілеулердің өзгеруі нәтижесінде 3,9%-ға төмендеуіне байланысты.
Есепті кезеңдегі міндеттемелер 32,4 млн АҚШ долларына немесе 33,3%-ға төмендеп, акционерге 34 млн АҚШ долларына дивидендтер төлеуге байланысты 65 млн долларды құрады.
2025 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша меншікті капитал 160,7 млн АҚШ долларын құрады, есепті кезеңде 31,7 млн АҚШ долларына немесе өткен жылдардағы бөлінбеген пайданың артуы нәтижесінде 24,5%-ға өсті.
Есепті кезеңдегі таза пайда 35,8 млн АҚШ долларын құрады, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 32%-ға төмендегенін көрсетті, бұл жағдай пайыздық кірістің 16,1 млн АҚШ долларына немесе 19,7%-ға қысқаруына, сондай-ақ доллар бағамының 11,6 млн АҚШ долларына немесе 49%-ға өсуіне байланысты шетел валютасымен жасалатын операциялардан түскен кіріске байланысты. Бұл ретте комиссиялық кірістер өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 20,5 млн АҚШ долларына немесе 88%-ға ұлғайды.
Қаржылық есептілік мына сілтемеде қолжетімді: https://old.kase.kz/ru/membership/FFGLB/
«Фридом Финанс» АҚ-тың 2025 жылғы бірінші жарты жылғы нәтижелері**
Активтер 2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 2025 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда 90,3 млрд теңгеге (31,6 %) азайып, 195,4 млрд теңгені құрады. Оған себеп сауда портфеліндегі бағалы қағаздар көлемінің 113,6 млрд теңгеге (73,9%) төмендеуі болып отыр. Компания Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемені өсіруіне байланысты, сондай-ақ нарықта пайыздық мөлшерлемелер одан әрі өседі деп күтілетіндіктен бағалы қағаздарды сатты.
Тікелей РЕПО операциялары көлемінің 108,5 млрд теңгеге (89,4%) қысқаруына байланысты міндеттемелер 109 млрд теңгеге (88%) азайып, 14,7 млрд теңгені құрады.
Меншікті капитал 2025 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда 18,7 млрд теңгеге (11,5%) өсіп, 180,7 млрд теңгені құрады. Жарғылық капитал 24,5 млрд теңгеге – 128 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды.
Таза пайда өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 8,3 млрд теңгеге (332,5%) қысқарып, таза шығын 5,8 млрд теңгені құрады. Бұл жағдай бағалы қағаздарды сатудан түскен таза шығынға байланысты болып отыр.
2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша «Фридом Финанс» АҚ Қазақстан қор биржасында (KASE) саудаланатын бағалы қағаздардың 98 атауы бойынша, Astana International Exchange (AIX) биржасында 3 атауы бойынша ресми маркетмейкер болып табылады.
Қаржылық есептілік мына сілтемеде қолжетімді: https://almaty-ffin.kz
Анықтама:
* Компания үшін 2026 жылғы 1 тоқсан 2025 жылғы 30 маусымда аяқталды.
** 2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша «Фридом Финанс» АҚ-тың жекелеген қаржылық есептілігінен (аудиттелмеген) негізгі қаржылық көрсеткіштер. Компания үшін 2025 жылғы екінші тоқсан 30 маусымда аяқталды.
Freedom Finance Global - бөлшек инвесторларға қызмет көрсетуге маманданған жаңа мүмкіндіктері бар брокер. Компания АХҚО-да тіркелген, AFSA лицензиясы бар және ағылшын құқығының элементтері бар қызметті жүзеге асырады. Freedom Finance Global-дың клиенттері халықаралық қаржы нарықтарындағы биржалық операцияларға (NYSE/NASDAQ, London Stock Exchange, HKEX, Frankfurt Stock Exchange), KASE және AIX, сондай-ақ холдингтің ең танымал және сұранысқа ие қызметі саналатын бастапқы орналастыруларға қатысуға (IPO) тікелей қол жеткізе алады.
«Фридом Финанс» АҚ өз клиенттеріне KASE және AIX биржаларында брокерлік қызмет көрсетуді, бағалы қағаздардың баға белгілеулерін қолдау бойынша маркетмейкердің қызметтерін, борыштық және үлестік қаржыландыруды ұйымдастыруды, қаржылық консалтинг саласындағы қызметтерді ұсынады.
Компаниялар Freedom Holding Corp. халықаралық инвестициялық тобына кіреді. Холдингтің акциялары (15.10.2019 жылдан бастап) NASDAQ Capital Market-те FRHC тикерімен орналастырылған. Freedom Holding Corp. қызметі Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссия (SEO, АҚШ) реттейді.
БАҚ үшін байланыс деректері: [email protected]