Apple (AAPL) қытайлық App Store-да Douyin Pay төлем сервисінің интеграциясын тестілеуді бастады, деп хабарлайды South China Morning Post.
Сервис ByteDance компаниясына тиесілі және TikTok - Douyin қытайлық нұсқасында пайдаланылады, онда айына шамамен 766,5 млн белсенді пайдаланушы бар. Douyin Pay 2021 жылы іске қосылды және Douyin экожүйесінде, соның ішінде стрим-шопинг пен ойын ішіндегі сатып алуларда төлем жасау үшін банк карталарын байланыстыруға мүмкіндік береді.
Тестілеу аяқталғаннан кейін Douyin Pay Ant Group-тың Alipay, Tencent Holdings-тің WeChat Pay және China UnionPay карталарымен бірге материктік Қытайдың App Store-да төлемнің төртінші қолжетімді тәсілі болады.
Apple қытайлық төлем жүйелерімен және WeChat және Union Pay сервистерімен көптен бері ынтымақтасып келеді, бұл корпорацияның Қытайдағы өз брендінің жоғары танымалдылығына қол жеткізу және осы сервистерді өздерінің мобильді құрылғыларына біріктіру ниетімен байланысты, деп атап өтті Freedom Finance Global жетекші талдаушысы Наталья Мильчакова. Жаңа Doyuin Pay сервисі қытайлық Tik Tok иелеріне тиесілі және Apple бұл әлеуметтік желі ерте ме, кеш пе АҚШ-та қайта қолжетімді болады деп күтуі мүмкін.