Америкалық BlackRock Freedom Holding Corp. компаниясының екінші ірі акционері атанды
Freedom Holding Corp. жаңалықтары
31 тамыз 2025, 15:43
Әлемдегі ең ірі инвестициялық компаниялардың бірі BlackRock FRHC акциясына 89 млн АҚШ долларын салып, иелік үлесін 0,84%-ға дейін арттырды. Осылайша, BlackRock компанияның негізін қалаушы әрі бас атқарушы директор Тимур Турловтан кейінгі екінші ірі акционер болды.
Bloomberg деректеріне сәйкес, соңғы есепті кезеңде BlackRock қосымша 443 965 акция сатып алып, жалпы портфелін 520 565 акцияға жеткізді.
BlackRock-пен қатар Freedom Holding Corp.-тың халықаралық институционалдық инвесторлары арасында State Street Corp., Geode Capital Management, Millennium Management, Morgan Stanley, Tudor Investment Corp., Vanguard және басқа да ұйымдар бар.
«Біз жаһандық институционалдық инвесторлардың тарапынан сұраныстың артып жатқанына қуаныштымыз. BlackRock сияқты серіктестің қатысуы біздің бизнесіміздің тұрақтылығын және Freedom Holding компаниясының халықаралық нарықтардағы стратегиялық әлеуетін дәлелдейді», — деді Тимур Турлов.
BlackRock, Inc. 1988 жылы Нью-Йоркте құрылған. 2025 жылғы жағдай бойынша компания 12,5 трлн АҚШ долларынан асатын активтерді басқарады. Ол әсіресе ETF iShares қоры және Aladdin технологиялық платформасымен танымал.