BlackRock, Nvidia және Microsoft МӨО операторларын сатып алуға $40 млрд альянс құруда
Биржалық жаңалықтар
15 октября 2025, 20:30
Құрамына BlackRock (BLK), Nvidia (NVDA), Microsoft (MSFT) және xAI кіретін инвестициялық консорциум, $40 млрд долларға Aligned Data Centers мәліметтерді өңдеу орталығы операторларын сатып алу жоспары туралы жариялады, деп хабарлайды Reuters.
Мәміле дата-орталықтар саласында тарихтағы ірі мәміле болып табылады және AI Infrastructure Partnership жаңа бірлестігінің алғашқы инвестициясы болып келеді. Серіктестік жасанды интеллект технологиясының өсуіне қолдау көрсететін инфрақұрылымды дамыту үшін құрылған болатын. Компанияның өтінішіне сәйкес, бірлестік $30 млрд акционерлік құралдар мен қарыз қаржыландыруын тарта отырып, $100 млрд-қа дейін жиынтық капиталды тартуды көздеп отыр.
Мәмілені 2026 жылдың бірінші жартысында реттеуші органдардың мәмілені мақұлдауынан кейін жабуды жоспарлауда. Сатып алу Macquarie Asset Management -тен жүргізіледі. Aligned Data Centers Далласта орналасқан және АИ, бұлтты технологиялар мен корпоративтік шешімдер саласында жұмыс істейтін компаниялар үшін мәліметтерді өңдеу орталықтарын жобалауға, салуға және пайдалануға маманданған. Компания қоржынында АҚШ және Латын Америкасындағы жиынтық пайдалану және жоспарлау қуаты 5 гигаваттан жоғары 50 шақты кампус бар.
Мәміле жабылған соң Aligned штаб-квартирасы Далласта қалады. Компания басшылығы өзінің позициясын сақтап қалады, ал Эндрю Шаап бас директорлық қызметін жалғастырады.
Aligned Data Centers $40 млрд -қа сатып алу үшін BlackRock және жетекші техногиганттардың қатысуымен консорциумды құру ЖИ аясындағы сыни инфрақұрылым активтеріне инвесторлардың тікелей рұқсат алауына мүмкіндік беретін стратегиялық қадам болып табылады, деп атап өтті Freedom Finance Global сарапшысы Владимир Чернов. BlackRock үшін бұл мәміле оның орнын балама инвестицияларда нығайтып, кірістерді әртараптандыру есебінен бағалауға оң әсер етуі мүмкін. Сондықтан да бұл жаңалыққа нарықтың оң реакциясы мен BlackRock бағалы қағаздарының құнының өсуі күтіледі, өйткені компанияның негізгі макротрендтермен қаржылана отырып, ауқымды мәмілелер жасау қабілетін айқындап көрсетеді.