Freedom Broker алаяқтықпен және киберқауіпсіздікпен күрес жөніндегі онлайн орталығын ашты
Фридом жаңалықтары
17 October 2025, 11:27
Freedom Broker компаниясы пайдаланушыларды интернетте қаскүнемдерден қорғау үшін, арнайы «Онлайн сенім орталығын» аштық. Оған мынадай: fbroker.kz/trustcenter мекенжайы арқылы өте аласыз.
Сайтта:
1. Алаяқтық немесе Freedom Broker-дің сайттары мен платформаларының осалдықтары жайында бізге хабарлауға болады.
2. Сілтемелерді, аккаунттарды немесе байланыс деректерін тексеріп, олардың компанияның ресми ресурстарына жататынын білуге болады.
3. Киберқауіпсіздік туралы пайдалы мақалалармен, жадынамалармен және подкастармен таныса аласыз (постепенно будем добавлять новые материалы).
Естеріңізге сала кетейік, желіде қазір шын инвестициялық компаниялардың атын жамылған мыңдаған жалған жарнамалық хабарландыруды, аккаунтты және сайтты кездестіруге болады. Абай болыңыз, алаяқтар пайдаланушылардың деректері мен ақшасын иемденіп алуға белсенді түрде ұмтылуда.