АҚШ пен Австралия галий өндіру бойынша Alcoa жобасына $2 млрд инвестициялайды
Биржалық жаңалықтар
21 қазан 2025, 14:00
АҚШ пен Австралия Қытайдан жеткізілетін тауарларға тәуелділікті азайтуға және өз өндіру саласын нығайтуға бағытталған аса маңызды пайдалы қазбалар туралы ауқымды келісім жасасты, деп хабарлайды Reuters.
Құжатқа АҚШ президенті Дональд Трамп пен Австралия премьер-министрі Энтони Албанезе қол қойды. Келісім аясында екі ел таяу алты айдың ішінде стратегиялық маңызы бар ресурстарды өндіру және қайта өңдеу жобаларына әрқайсысы кемінде $1 млрд инвестиция салуға міндеттенді. Бұдан басқа, АҚШ пен Австралия негізгі пайдалы қазбаларға бағаның ең төменгі деңгейін белгілеуге келісті, бұл сарапшылардың пікірінше, Батыста тау-кен компанияларын дамыту үшін тұрақты негіз жасайды.
Қолдау алған алғашқы жобалардың бірі американдық Alcoa (AA) компаниясының Батыс Австралиядағы жұмыс істеп тұрған глинозем кешенінің жанында галлий өндіретін зауыт салу жөніндегі бастамасы болмақ. Тамыз айында Alcoa Japan Australia Gallium Associates компаниясымен жобаны бірлесіп әзірлеу туралы келісімге қол қойды.
Жаңа шарттарға сәйкес Alcoa АҚШ және Австралия үкіметтерімен бірлесіп жобаны іске асыру үшін арнайы компания құрады. Әрбiр тарап өз үлесiне сәйкес капитал енгiзедi және сатудан пайда алатын болады. Зауыт жылына 100 тоннаға дейін галлий өндіре алады деп күтілуде. Галлий жартылай өткiзгiштердi, байланыс жүйелерiн және қорғаныс өнеркәсiбi компоненттерiн өндiру кезiнде пайдаланылады және технологиялық егемендiк үшiн негiзгi минералдардың бiрi болып саналады.