АҚ үй кванттық есептеулермен айналысатын компаниялардың акцияларын сатып алуды көздеп отыр

Биржалық жаңалықтар

23 October 2025, 13:15

АҚШ Президенті Дональд Трамптың әкімшілігі кванттық есептеулермен айналысатын бірнеше компаниялармен олардың капиталындағы мемлекеттің үлесіне айырбас ретінде федералдық қаржыландыруды ұсыну туралы келіссіөздер жүргізуде, деп жазады Reuters.

Келіссөздер IonQ (IONQ), Rigetti Computing (RGTI) және D-Wave Quantum-мен (QBTS) жүргізіледі. Компаниялар АҚШ өкіметінің Вашингтоннан әрқайсысы  $10 млн көлемінде қаржыландырудың минималды көлемін қарастырушы келісім-шарттар аясындағы капиталға қатысу мүмкіндігін талқылайды.

Сондай-ақ осындай келіссөздерді Quantum Computing (QUBT) және Atom Computing жүргізеді. Компания өкілдері, сондай-ақ АҚ үй және АҚШ Сауда министрлігі өкілдері түсіндірме беруден бас тартты. Салалық компаниялармен келіссөздерге бұрын АҚШ Энергетика министрлігінде кванттық технологиялар бағытын басқарған сауда министрінің орынбасары Пол Даббар жетекшілік етеді.

Бұл бастама Дональд Трамп әкімшілігінің мемлекеттің ішінара қатысуы арқылы экономиканың стратегиялық секторларын нығайту жөніндегі кең саясатының бір бөлігіне айналды. Бұған дейін АҚШ президенті Вашингтон мемлекеттік субсидияларды компания үлесіне айналдыру туралы келісім аясында Intel (INTC) акцияларының 10% -ын сатып алуды жоспарлап отырғанын мәлімдеген болатын.  Бұдан басқа, АҚШ Қорғаныс министрлігі сирек кездесетін магниттер өндірісін ұлғайту үшін бұрын MP Materials (MP) компаниясымен мәміле жасаған болатын. Келісім аясында Пентагон компанияның ірі акционері және вето құқығымен «алтын акция» мәртебесін алды.

Қазақстан Республикасы, Астана қ., Есіл ауданы, Достық көшесі 16, кірістірілген тұрғын емес үй 2 (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55  - Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  - Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «B+/B», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!