Mastercard Zerohash криптовалюталық компанияны $2 млрд-қа сатып алады
Биржалық жаңалықтар
30 октября 2025, 19:30
Mastercard (MA) Халықаралық төлем жүйесі Zerohash криптостартабын $1,5 млрд -тан $2 млрд-қа дейін сатып алу туралы келіссіөздер жүргізуде, деп хабарлайды Reuters.
Егер келісімге қол жеткізілсе, бұл Mastercard компаниясының АҚШ доллары сияқты дәстүрлі валюталарға байланған стейблкоин-криптовалюта саласына салған ірі инвестицияларының бірі болады. Reuters агенттігінің мәліметінше, келіссөздер аяқталу сатысында, бірақ соңғы шешім әлі қабылданған жоқ. Mastercard және Zerohash түсініктеме беруден бас тартты.
Zerohash компаниясы 2017 жылдан бері жұмыс істеп келеді, фирма стейблкоин және блокчейнмен операциялар үшін инфрақұрылым құруға маманданған, қаржы ұйымдарына криптовалюта саудасы, активтерді сақтау және стейкинг үшін технологиялар ұсынады. Қыркүйек айында стартап Morgan Stanley (MS), SoFi және Point72 Ventures қорының қатысуымен Interactive Brokers (IBKR) ұйымдастырған қаржыландыру раунды аясында $104 млн тартты. Ол кезде Zerohash бағасы $1 млрд. асып кеткен.