Freedom Broker клиенттік шоттарының жалпы саны 2025 жылғы 1 қазанда 310,5 мыңды құрады. 2025 жылғы қаңтар-қыркүйекте бағалы қағаздармен 27,2 млн мәміле жүзеге асырылды және 80,6 мың жаңа брокерлік шот ашылды - бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 23,6% -ға артық.
Freedom Broker клиенттері арасындағы 5 танымал акция (2025 жылғы қаңтар-қыркүйек):
Мәмілелер көлемі бойынша
| Қазақстан нарығы | Америка нарығы | ||||
| Атауы (тикер) | Мәмілелердің сомасы (млн USD) | Атауы (тикер) | Мәміленің сомасы (млн USD) | ||
| 1 | «Қазақстан Халық банкі» АҚ (HSBK) | 38,3 | 1 | Petrobras (PBR) | 3 157,1 |
| 2 | «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ (KZAP) | 26,2 | 2 | Newmont Corporation (NEM) | 3 014,9 |
| 3 | «Банк ЦентрКредит» АҚ (CCBN) | 34,2 | 3 | Alibaba Group Holding (BABA) | 2 478,1 |
| 4 | «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ (KMGZ) | 16,4 | 4 | Nvidia (NVDA) | 2 438,3 |
| 5 | Freedom Holding Corp. (FRHC) | 15 | 5 | ASML Holding (ASML) | 1 994,4 |
Мәмілелер саны бойынша
| Қазақстан нарығы | Америка нарығы | ||||
| Атауы (тикер) | Мәмілелердің саны (мың) | Атауы (тикер) | Мәмілелердің саны (мың) | ||
| 1 | «Қазақстан Халық банкі» АҚ (HSBK) | 160,9 | 1 | Nvidia (NVDA) | 120,6 |
| 2 | «Банк ЦентрКредит» АҚ (CCBN) | 36,9 | 2 | Tesla (TSLA) | 109,7 |
| 3 | «ForteBank» АҚ (ASBN) | 34,2 | 3 | Palantir Technologies (PLTR) | 48,3 |
| 4 | «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ (KZAP) | 25,7 | 4 | Marathon Digital Holdings (MARA) | 47,4 |
| 5 | «Эйр Астана» АҚ (AIRA) | 24,6 | 5 | Direxion Daily Semiconductor Bear 3X Shares (SOXS.US) | 44,6 |
Екінші тоқсанда Freedom Broker клиенттік сервистің сапасын арттыруға бағытталған ITS (International Trading System) технологиялық серіктестікті күшейтуді жалғастырды. 3 қыркүйекте ITS сауда платформасында жаңа өнім, Single Stock ETF, іске қосылды. Ол инвесторларға ірі халықаралық компаниялардың акцияларын қолжетімді бағамен сатып алуға мүмкіндік береді. Бірінші «қолшатыр» ірі халықаралық компаниялардың жеті қағазынан тұрады, олардың ішінде Freedom Holding Corp. (FRHC) та бар. Айта кету керек, ITS Freedom Broker клиенттері үшін сауда көлемі бойынша көшбасшы алаң болып табылады.
Freedom Finance Global PLC «Астана» халықаралық қаржы орталығынан Tech for Finance Excellence Award марапатын алды. Ол компанияның қаржы секторында трансформациялық технологиялық шешімдерді енгізетінін, инновацияларды ынталандыратынын және АХҚО экожүйесі ішінде және одан тыс жерлерде маңызды нәтижелерді қамтамасыз ететінін атап өтті.
Қыркүйек айында Freedom Broker соңғы жеті жылда қазақстандық нарықта 1,1 млрд теңге көлемінде секьюритилендірілген облигациялардың алғашқы шығарылымын сәтті құрылымдап, іске асырды. Бұл мәміле секьюритилендіру үшін жаңа көкжиектерді ашып, Қазақстанның экономикалық өсуі үшін қосымша мүмкіндіктер жасай отырып, елдің қаржы құралдарын дамытудағы елеулі қадам болды.
Freedom Broker KASE мүшелерінің белсенділік рэнкингінде көшбасшылықты сақтап қалуда. 2025 жылдың үш тоқсанының қорытындысы бойынша Freedom Finance Global нарықтың екі секторында: борыштық және мемлекеттік бағалы қағаздарда, ал «Фридом Финанс» АҚ - РЕПО секторында бірінші орынды иеленді.
2025 жылдың үш тоқсанындағы Freedom Finance Global нәтижелері
Freedom Finance Global активтері есепті кезеңнің қорытындысы бойынша 245,9 млн АҚШ долларын құрады. Көрсеткіштің 18,8 млн АҚШ долларына немесе 7% -ға қысқаруы акционерге дивидендтер төлеуге байланысты.
Есепті кезеңде міндеттемелер акционерге 94 млн АҚШ доллары көлемінде дивидендтер төлеуге байланысты 103,8 млн АҚШ долларына немесе 65,4%-ға төмендеп, 54,8 млн долларды құрады.
2025 жылғы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша меншікті капитал 191,1 млн, АҚШ долларын құрап, есепті кезеңде таратылмаған пайданың артуы есебінен 85,1 млн, АҚШ долларына немесе 80,2% -ға ұлғайды.
Есепті кезеңде таза кіріс 93,2 млн АҚШ долларын құрап, өткен жылмен салыстырғанда 38,3% -ға төмендеді. Бұл пайыздық табыстың 30,9 млн АҚШ долларына немесе 11,4% -ға қысқаруына, сондай-ақ доллар бағамының өсуіне байланысты шетел валютасындағы активтерді қайта бағалаудан түскен табыстың 34,5 млн АҚШ долларына немесе 53% -ға қысқаруына байланысты. Бұл ретте комиссиялық кірістер 49 млн АҚШ долларына немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 86% -ға артты.
«Фридом Финанс» АҚ-ның 2025 жылдың 3 тоқсанындағы нәтижелері*
2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша активтер 2025 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда 78,1 млрд теңгеге немесе 27,3%-ға азайып, 207,6 млрд теңгені құрады. Оның себебі 2025 жылғы наурызда Ұлттық Банктің базалық ставкасының көтерілуі нәтижесінде бағалы қағаздардың әділ құнының төмендеуі, сондай-ақ тікелей РЕПО операцияларының көлемін бір уақытта қысқарта отырып, сауда портфелінен бағалы қағаздардың бір бөлігін сату болып табылады.
Міндеттемелер 101 млрд теңгеге немесе 82%-ға азайып, тікелей РЕПО операциялары көлемінің 100,6 млрд теңгеге немесе 82,9%-ға қысқаруына байланысты 22,4 млрд теңгені құрады.
Меншікті капитал 23,2 млрд теңгеге немесе 2025 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда 14,4% -ға өсіп, 185,2 млрд теңгені құрады. Жарғылық капитал 24,5 млрд теңгеге - 128 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды.
Таза кіріс өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,5 млрд теңгеге немесе 120% -ға қысқарды, таза шығын 1,3 млрд теңгені құрады. Жоғарыда атап өткендей, бұл негізінен сауда портфеліндегі бағалы қағаздардың әділ құнының төмендеуіне байланысты.
2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша «Фридом Финанс» АҚ Қазақстан қор биржасында (KASE) саудаланатын бағалы қағаздардың 96 атауы бойынша, Astana International Exchange (AIX) 3 атауы бойынша ресми маркетмейкер болып табылады.
Анықтама:
*2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша «Фридом Финанс» АҚ (аудиттелмеген) жеке қаржылық есептілігінің негізгі қаржылық көрсеткіштері.
Freedom Finance Global – бұл бөлшек инвесторларға қызмет көрсетуге маманданған жаңа мүмкіндіктері бар брокер. Компания АХҚО-да тіркелген, AFSA лицензиясы бар және қызметін ағылшын құқығының элементтерімен жүзеге асырады. Freedom Finance Global клиенттері халықаралық қаржы нарықтарында (NYSE/NASDAQ, London Stock Exchange, HKEX, Frankfurt Stock Exchange), KASE және AIX биржалық операцияларға, сондай-ақ холдингтің ең танымал және сұранысқа ие қызметіне - бастапқы орналастыруға қатысуға - тікелей қол жеткізе алады.
«Фридом Финанс» АҚ өз клиенттеріне KASE және AIX-те брокерлік қызмет көрсетуді, бағалы қағаздардың баға белгілеуін қолдау бойынша маркетмейкер қызметтерін, борыштық және үлестік қаржыландыруды ұйымдастыруды, қаржы консалтингі саласындағы қызметтерді ұсынады.
Компания Freedom Holding Corp халықаралық инвестициялық тобына кіреді. Холдингтің акциялары Nasdaq Capital Market-те (15.10.2019 жылы) FRHC тикерімен орналастырылған. Freedom Holding Corp. қызметін Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссия (SEC, АҚШ) реттейді.
БАҚ үшін байланыс деректері: [email protected]