OpenAI және Freedom Holding Corp. ChatGPT Edu арқылы Қазақстандағы білім беру жүйесін цифрландыруды қолдайды

Freedom Holding Corp. жаңалықтары

7 ноября 2025, 15:25

2025 жылғы 6 қарашада Вашингтонда (АҚШ) Қазақстан Республикасы Үкіметі, OpenAI, Inc. және Freedom Holding Corp. арасында стратегиялық келісімге қол қойылды. Келісім аясында Қазақстанның 165 000 педагогіне деректердің құпиялылығы мен қауіпсіздігі жоғары деңгейде қорғалған ChatGPT-дің жетілдірілген білім беру нұсқасы – ChatGPT Edu платформасын қолдану мүмкіндігі беріледі.

Бұл серіктестік Қазақстанның білім беру жүйесін цифрландыру және педагогтердің жасанды интеллектіні қолдану сауаттылығын дамыту жөніндегі ұлттық бастаманың маңызды кезеңі болып саналады. Келісім нәтижесінде Қазақстан ChatGPT Edu жүйесін мектептерден бастап жоғары оқу орындарына дейін — ұлттық деңгейде енгізетін әлемдегі алғашқы елдердің бірі. Бұл педагогтер заманауи жасанды интеллект құралдарын тиімді қолдана отырып, білім беру сапасы мен тиімділігін арттыруға жол ашады.

Келісімге сәйкес, Freedom Holding Corp. бастаманы толық қаржыландырады, ал OpenAI ChatGPT Edu платформасы мен қазақ, орыс тілдеріндегі техникалық-әдістемелік қолдауды қамтамасыз етеді. Өз кезегінде, Қазақстан Республикасы Үкіметі бастаманы мемлекеттік органдар мен білім беру ұйымдары деңгейінде үйлестіріп, оны ұлттық білім беру бағдарламаларымен және педагогтердің кәсіби даму жүйелерімен үйлестіреді.

ChatGPT Edu педагогтер үшін арнайы әзірленген және ChatGPT-дің тегін нұсқасында қолжетімсіз мүмкіндіктерді ұсынады. Атап айтқанда,
● құжаттарды, деректер мен интернет-материалдарды жүктеу және талдау мүмкіндігі;
● жеке пәндер, оқу тапсырмалары мен бағалау критерийлеріне сәйкес, арнайы жасанды интеллект ассистенттерін (Custom GPTs) жасау;
● оқу үдерісін басқару жүйелері (LMS) мен дерекқор және білім беру ұйымдарының басқа да цифрлық құралдармен біріктіру;
● оқу жоспарына сәйкес оқу материалдары, тапсырмалар, кері байланыс пен бағалауды ұйымдастыруға арналған жеке жұмыс кеңістіктері.

Қазақстанның барлық педагогі ChatGPT Edu қызметіне BilimClass платформасы арқылы қосылады. Freedom Holding қаржыландыратын бұл қызмет мұғалімдерге тегін ұсынылады және олардың кәсіби қызметінде жасанды интеллект технологияларын қауіпсіз әрі ыңғайлы қолдануға мүмкіндік береді. 

Аталған бастама цифрландыру саласындағы мемлекеттік саясатты қолдауға, педагогтердің цифрлық құзыреттерін арттыруға, жасанды интеллект технологияларын жауапты пайдалануға және инновациялық шешімдер арқылы білім беру сапасын жақсартуға бағытталған.

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 16-ғимарат, кіріктірілген тұрғын емес №2 үй-жай (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55  - Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  - Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «B+/B», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!