Баффетт Абелді CEO қызметіне қолдап, өзінің байлығын тарату жоспарын түсіндірді
Биржалық жаңалықтар
11 November 2025, 01:40
Уоррен Баффетт в $149 млрд көлеміндегі байлығын балалардың қорына беру жоспарын жеделдететінін мәлімдеді, бұл ретте Berkshire Hathaway акционерлеріне жаңа бас директор Грег Абельге сенім артуға қысқа уақыт қалдырды.
Баффетт Алғыс айту күніне арналған хатында өзінің жасы ұлғайғанын ескеріп, Berkshire акцияларын үш баласының қорларына тезірек беру қажеттігін айтты. Ол бұл қадам “олардың, яғни балаларымның, менің барлық байлығымды басқаруға мүмкіндігі болуын арттырады, оларды басқа қамқоршылар алмастырғанға дейін” деп түсіндірді.
Грег Абель жаңа жылдың басында Berkshire компаниясның бас директоры қызметіне кірісіеді, ал Баффет директорлар кеңесінің төрағасы болып қала береді. 2- тоқсанның соңындағы мәлімет бойынша, Баффеттің Berkshire акциялары шамамен $149 млрд құрайды. Оның сөзі бойынша, 1800 дана Berkshire -дің А акциясы 2,7 млн дана Berkshire -дің В акциясына ауыстырылып, 10 қарашада төрт отбасылық қорға берілген: Сьюзан Томпсон Баффетт қоры, Шервуд қоры, Говарда Г. Баффетт қоры және NoVo қоры.