2026 жылы Paramount Skydance бағдарламаға $1,5 млрд астам инвестициялады
Биржалық жаңалықтар
11 ноября 2025, 14:40
Paramount Skydance (PSKY) 2025 жылы контенттік бағытты дамытуға $1,5 млрд жібереді және төртінші тоқсандағы түсімі Уолл-стрит болжамынан асады, деп хабарлады Reuters.
Бұл біріккен компанияның қосылу аяқталғаннан кейінгі $8,4 млрд. сомасындағы алғашқы тоқсандық нәтижелері. Сауда-саттық жабылғаннан кейін акциялар 7%-ға өсті. Компания стратегиялық қайта қарау аясында 1,6 мың жұмыс орнын қысқарту туралы жариялады. Бұл қазан айының соңында жұмыстан босатылған 1 мың қызмктеерге қосымша.
Paramount стримингтік бөлімше 2025 жылы пайда табады және 2026 жылы өсім көрсетеді деп күтілуде. Бас директор Дэвид Эллисон компания студиялық және дистррибьюторлық бағыттарды бір басқаруда біріктіреді деп мілңмдеді. Шоғырландыру шеңберінде Showtime/MTV Entertainment Studios, Nickelodeon Live Action және Skydance Television Paramount Television Studios басшылығына көшті.
Paramount Skydance төртінші тоқсанда $8,1–8,3 млрд деңгейінде түсімді болжап отыр, нарық $8 млрд. деңгейінде күткен болатын. Үшінші тоқсандағы түсімі $6,7 млрд құрады, болжам $6,97 млрд.