JD.com-дағы сатылымдар Жалғыздар күнінде рекордтық деңгейге жетті
Биржалық жаңалықтар
12 қараша 2025, 17:00
JD.com Inc. (JD) Қытайдағы жалғыздар күні кезінде тапсырыстар шамамен 60%-ға өскенін және сатып алушылар санының 2024 жылмен салыстырғанда 40%-ға артқанын тіркеді, деп хабарлайды Bloomberg.
Компания тұтынушылық сұраныстың әлсіздігі мен әлемдегі екінші ірі экономикадағы дефляциялық қысымға қатысты алаңдаушылыққа қарамастан, рекордтық сатылымға қол жеткізгенін мәлімдеді. JD.com нақты тарнзакциялар көлемін жарияламады, бірақ шетелдік сатылымдардың айтарлытай өскенін атап өтті: кейбір елдерде тапсырыстар көлемі 2024 жылмен салыстырғанда екі еседен астам артқан.
JD.com акциялары америкалық нарықта 11 қарашада 0,6%-ға өсті. Инвесторлар әдетте Жалғыздар күнін Қытайдағы ішкі сұранымның басты көрсеткіші ретінде қарастырады.