Foxconn тайвань компаниясының табысы үшінші тоқсанда 17%-ға өсті
Биржалық жаңалықтар
12 November 2025, 17:40
Әлемдегі ірі келісімшарттық электроника өндіруші Foxconn үшінші тоқсанда 2024 жылмен салыстырғанда пайданың 17%-ға өскені туралы жариялады, деп хабарлайды Reuters.
Жасанды интеллект үшін пайдаланатын серверлерге тұрақты сұранымның арқасында нәтижесі нарықтық күтілімдерден асты. Шілде-қыркүйек айындағы таза табысы 57,67 млрд тайвань долларын құрады ($1,89 млрд шамасында), ол болжамнан 50,4 млрд тайвань доллары артық.
Компания өсімнің ЖИ жабдықтарына тапсырыстардың артуына және тұтыну электроникасының тұрақты сатылымына байланысты екенін атып өтті. Есепте Foxconn-ды төртінші тоқсанда “жылдық мәніндегі айтарлықтай пайда өсімі”, әсіресе, жасанды интеллект үшін сервер сегментінің есебінен күтетіні көрсетілген.
Компания тамыз айында айтылған жылдық түсімнің өсу болжамын растады, бірақ нақты сандық бағалауды келтірмеді.