BlackRock, Morgan Stanley және J.P.Morgan Freedom Holding Сorp. (FRHC) компаниясының акцияларындағы үлесін ұлғайтты
Freedom Holding Corp. жаңалықтары
19 ноября 2025, 16:01
2025 жылғы ІІІ тоқсанда (шілде-қыркүйек) ең ірі үш әлемдік институционал Freedom Holding Corp. (NASDAQ: FRHC) компаниясының акциялары бойынша мәмілелерін бірден ұлғайтты.
• BlackRock – әлемдегі ең ірі активтерді басқарушы – шамамен 25 000 акцияны қосымша сатып алып, топтаманы 545 060 акцияға (компанияның 0,94 %-ы) дейін жеткізді. 30 қыркүйектегі мәміле құны – 74,85 млн АҚШ доллары. BlackRock FRHC институционалды акционерлерінің арасында №1 болып қала береді.
• Morgan Stanley мәмілені 73 000 акцияға (+60%) ұлғайтып, топтаманы 195 890 акцияға дейін жеткізді. Жалпы құны – 26,9 млн АҚШ доллары. Осының арқасында банк холдингтің институционалды инвесторларының арасында 3-ші орынға көтерілді. 2-ші орында – State Street Corporation.
• J.P.Morgan Chase & Co үлесін ≈25–26 мың акциядан 76 070 акцияға дейін үш есе ұлғайтты. Тоқсан соңында мәміле құны – 10,4 млн АҚШ доллары (институционалдардың арасында 7-ші орын).
Уолл-стриттің ең ірі ойыншыларының тарапынан қызығушылықтың артуы происходит на фоне дальнейшего масштабирования бизнеса Freedom Holding Corp. бизнесін әрі қарай ұлғайту, халықаралық деңгейде атын кеңейту және NVIDIA-мен бірлесіп Қазақстанда өңірдегі ең ауқымды жобалардың бірі саналатын AI-хаб құрылысын қоса алғанда ірі технологиялық бастамаларды іске асыру аясында болып отыр.