АҚШ-та 26 қарашада сауда-саттық басталғанға дейінгі жаңалықтар

Биржалық жаңалықтар

26 қараша 2025, 18:04

АҚШ президенті Дональд Трамп жыл соңында мерзімі аяқталатын “Қолжетімді медициналық қызмет туралы” заң бойынша субсидияларды ұзартқысы келмейтінін мәлімдеді, бірақ денсаулық сақтау саласындағы заңнама бойынша субсидияларды ұзартқысы келмейтінін мәлімдеді, бірақ денсаулық сақтау саласындағы заңнама бойынша келісімге қол жеткізу қажет болуы мүмкін екенін мойындады, деп хабарлайды The Hill.

Bloomberg дерегі бойынша, Трамп әкімшілігі Medicare бағдарламасына кіретін Ozempic және Wegovy препараттарын қоса алғанда, 15 қымбат дәрі-дәрмек бағасын төмендету туралы келісімге келді. Medicare және Medicaid қызмет көрсету орталықтары (CMS) үкімет Ozempic және Wegovy препараттарының 30 күндік қорына $274 төлейтінін, бұл бұрынғы $959 бағасынан 71%-ға төмен екенін хабарлады.

Bloomberg News хабарламасы бойынша, дереккөздердің сілтемесіне сүйене отырып, Кевин Хассетт, АҚ үйдің Ұлттық экономикалық кеңесінің директоры, Федералдық резервтік жүйесінің төрағасына негізгі үміткер болып табылады.

Қытай жаңа мәмілелер аясында, АҚШ президенті Дональд Трамп пен Қытай президенті  Си Цзиньпин арасындағы жақында болған телефонмен әңгімеден кейін сейсенбіден бастап қол қойған, $300 млн жуық қаржыға жаңа мәмілелер аясында кем дегенде 10 партия америкалық сояны сатып алды, деп хабарлайды Reuters трейдерлерге сүйене отырып.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, ОПЕК+ жексенбіде өтетін өзінің отырысында мұнай өндіру деңгейін өзгеріссіз қалдыруы ықтимал. Бл туралы ақпаратты ОПЕК+ ішіндегі үш дереккөз растады.

The Information хабарламасы бойынша, 20230 жылға қарай апта сайын пайдаланушылардың  2,6 млрд немесе 220 млн адам жазылымға төлем жасайтын болады деп болжайды OpenAI. Шілде айындағы жағдайы бойынша ChatGPT күнделікті белсенді базасының 35 млн-дай пайдаланушылары, яғни шамамен 5% «Plus» немесе «Pro» тарифтік жоспарына ай сайын сәйкесінше $20 және $200 төлем жасады.

Foxconn Technology реттеуші органдардан жасанды интеллект инфрақұрылымына өсіп келе жатқан сұранымды қанағаттандыру үшін Висконсинде қосымша 569 миллион доллар инвестиция салуға рұқсат алды, деп хабарлайды Reuters.

Alibaba-ға тиесілі AliExpress компаниясы  Reuters жүргізген тексерістен кейін Еуропалық Одақ пен АҚШ заңнамасына сәйкес келмейтін тауарларды сатуға байланысты балаларға арналған секс-қуыршақтарды ұсынған қытайлық сатушыға өз сауда алаңына кіруге тыйым салғанын хабарлады.

Norsk Hydro норвегиялық компаниясы алюминий экструзиялық профильдерін өндіретін еуропалық бизнесін оңтайландыруды жоспарлап отыр. Компания 2026 жылға дейін бес зауытты жабуды ұсынды, деп хабарлайды  Reuters. Бұл жабылулар шамамен 730 қызметкерге әсер етеді.

Uber мен WeRide компаниялары Таяу Шығыстағы алғашқы толықтай жүргізушісіз роботакси қызметін коммерциялық негізде іске қосты. Жоба БАӘ-нің Абу-Даби қаласында Яс аралынан басталды, деп хабарлайды Reuters. Компаниялар жыл соңына дейін қызмет аясын Абу-Дабидің орталық бөлігінен тыс кеңейтуді жоспарлап отыр. Uber дерегінше, Гуанчжоудағы WeRide компаниясы қазірдің өзінде Таяу Шығыста 100-ден астам роботакси пайдаланып жүр.

Tesla компаниясының бас директоры Илон Маск 25 қарашада Остин қаласындағы роботакси паркі желтоқсанда екі есеге артатынын мәлімдеді. Бұл маусымда басталған жүргізушісіз көлік қызметінің арқасында мүмкін болып отыр, деп хабарлайды Reuters.

Tesla көліктерінің сатылымы Еуропада, Қытайда және АҚШ-та қысымға ұшырауда, деп хабарлайды Reuters.

Қытайлық Great Wall Motor компаниясы 2029 жылға қарай Еуропада жылына 300 мың көлік өндіру көлеміне жетуді жоспарлап отыр. Компания аймақтағы сатылымды жандандыру мақсатында алғашқы автозауытын салу үшін орын іздеуде, деп хабарлайды Reuters.

 

Қазақстан Республикасы, Астана қ., Есіл ауданы, Достық көшесі 16, кірістірілген тұрғын емес үй 2 (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55 Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  * Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «B+/B», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!