Freedom Finance SPC облигациялары бойынша купондық сыйақы ставкасының өзгеруі
Фридом жаңалықтары
18 December 2025, 14:06
2025 жылғы 19 желтоқсаннан бастап Freedom Finance SPC (FFSPC1.1228) облигациялары бойынша купондық сыйақы ставкасы өзгереді және жылдық 10,39% құрайды.
Жаңа ставка облигациялардың айналыс мерзімі аяқталғанға дейін - 2028 жылғы 18 желтоқсанды қоса алғанға дейін қолданылады. Алдағы уақытта ставка қайта қаралмайды.
Ставка неге өзгереді
FFSPC1.1228 облигацияларын шығару проспектісіне сәйкес (AIX сайтында орналастырылған):
Айналыстың 1-2 жылдарында (19.12.2023ж. бастап қоса алғанда 18.12.2025ж. дейін) купон ставкасы орнықты және жылдық 12% болды.
Айналыстың 3-жылынан бастап (19.12.2025ж. бастап) ставка шығарылым купондарын айқындау ережелеріне сәйкес қайта есептеледі және жылдық 10,39% мөлшерінде белгіленетін болады.