Freedom Finance Global Crypto-as-a-Service саласындағы ынтымақтастықты зерделеу үшін Binance Kazakhstan-мен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды
Фридом жаңалықтары
5 қаңтар 2026, 09:50
23 желтоқсан 2025 жылғы, Астана
Брокерлік және инвестициялық көрсетілетін қызметтер саласындағы жетекші компания - Freedom Finance Global PLC Қазақстандағы Binance жетекші блокчейн-экожүйесін білдіретін жергілікті реттелетін Binance Kazakhstan-мен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылғанын жариялады. Меморандумда crypto-as-a-service форматындағы шешімдерге бағытталған әлеуетті коммерциялық және стратегиялық ынтымақтастықтың мүмкіндіктерін зерделеу көзделеді.
Әлеуетті әріптестік инновациялық криптосервистерді әзірлеу үшін Freedom Broker-дің және Binance Kazakhstan-ның сараптамасы мен технологиялық мүмкіндіктерін біріктіруге, сондай-ақ өзара іс-қимылдың қосымша үлгілерін зерделеуге бағытталған.
Freedom Finance Global болжалды ынтымақтастық шеңберінде өзінің брендтік криптосервистерін құру үшін Binance инфрақұрылымы мен өтімділігін пайдаланып, Binance Link-тің Crypto-as-a-Service премиум шешімін Freedom Broker технологиялық жүйесіне тікелей интеграциялауды жоспарлап отыр. Binance Crypto-as-a-Service шешімі Freedom экожүйесіне толық интеграцияланып, дәстүрлі және цифрлық инвестицияларды бір платформа шеңберінде біріктіре отырып, Freedom Broker клиенттеріне Binance Kazakhstan арқылы криптоактивтерді саудалауға және басқаруға үздіксіз мүмкіндікпен қамтамасыз етеді.
Сергей Лукьянов, Freedom Finance Global PLC директорлар кеңесінің төрағасы
«Меморандумға қол қою озық технологияларды енгізетін, жаңа өнімдерді сынайтын және цифрлық қаржыда сараптаманы нығайтатын стратегиялық әріптестікке жол ашады. Бұл ынтымақтастық еліміздегі криптовалюта нарығының орнықты өсуіне ықпал етіп, клиенттеріміз бен бүкіл нарық үшін жаңа мүмкіндіктер жасайды».
Нурхат Кушимов, Binance Kazakhstan-ның бас менеджері:
«Біз осы бастама шеңберіндегі Freedom Broker-мен ынтымақтастығымыздың басталып жатқанынан қуаныштымыз. Бұл жобаны әлеуетті іске асыру Қазақстанда да, сондай-ақ ТМД елдерінде де қаржылық қолжетімділікті кеңейтіп, цифрлық активтердің экожүйесін дамытуға ықпал етуі мүмкін».
Кэтрин Чен, VIP бағытының және Binance институционалды клиенттерінің басшысы:
«Криптоактивтерге жаһандық қызығушылықтың артуы аясында біз Freedom Broker-мен серіктестікте айтарлықтай әлеуетті көріп отырмыз, бұл клиенттерге цифрлық активтерді ауқымды түрде ұсынып, өсудің жаңа мүмкіндіктерін ашуға мүмкіндік береді».
Әлеуетті әріптестік бірыңғай ыңғайлы платформа шеңберінде Freedom Finance Global компаниясының кіріктірілген қаржы сервистерін дамыту және дәстүрлі қаржы құралдарынан бастап цифрлық активтерге дейін кешенді инвестициялық экожүйені қалыптастыру жөніндегі стратегиясына сәйкес келеді.
Binance Kazakhstan жайында
Binance Kazakhstan компаниясы АХҚО қаржы реттеушісі, Қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитеті (Astana Financial Services Authority, AFSA), цифрлық активтер платформасын басқару, кастодиандық қызметтер көрсету, сондай-ақ дилер ретінде инвестициялармен операциялар (түпнұсқа - Operating Digital Asset Trading Facility, Providing Custody and Dealing in Investments as Principal) қызметін жүзеге асыруға авторизацияланған компания болып табылады. Лицензияның деңгейін және оның қолданысын AFSA-ның веб-сайтында (www.afsa.kz) тексеруге болады.
Қосымша ақпарат алу үшін https://www.binance.com/ru-KZ сайтына кіріңіз.
Freedom Finance Global PLC жайында
Freedom Finance Global - бөлшек инвесторларға қызмет көрсетуге мамандандырылған жаңа мүмкіндіктері бар брокер. Компания АХҚО-да тіркелген, AFSA берген лицензиясы бар және ағылшын құқығының элементтері бар қызметті жүзеге асырады. Freedom Finance Global клиенттерінің халықаралық қаржы нарықтарындағы биржалық операцияларға (NYSE/NASDAQ, London Stock Exchange, HKEX, Frankfurt Stock Exchange), KASE және AIX, сондай-ақ холдингтің ең танымал және сұранысқа ие қызметі болып саналатын бастапқы орналастыруға қатысуға (IPO) тікелей мүмкіндігі бар.
Компания Freedom Broker деген атаумен жұмыс істейді. Ол Freedom Holding Corp. халықаралық инвестициялық тобына кіреді. Холдингтің акциялары (15.10.2019 жылдан бастап) Nasdaq Capital Market-те FRHC деген тикермен орналастырылған. Freedom Holding Corp. қызметін Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссия (SEC, АҚШ) реттейді.
БАҚ үшін байланыс деректері: [email protected]