Freedom Broker-дің жекелеген облигацияларды сатып алуға қойылатын шектеулер туралы мәлімдемесі
Фридом жаңалықтары
28 қаңтар 2026, 18:30
Freedom Broker платформасы арқылы жекелеген эмитенттердің облигацияларын сатып алу мүмкін еместігіне қатысты келіп түскен сұрақтарға байланысты енгізілген шектеулердің себептерін ресми түрде түсіндіріп, осы мәселе бойынша Компанияның ұстанымын растау қажет деп санаймыз.
Жекелеген эмитенттердің облигацияларын сатып алуға енгізілген шектеулер Freedom Broker дәйекті түрде іске асыратын комплаенс саясатына тікелей байланысты, бұл - қолданыстағы нормативтік талаптарды, стандарттарды және ішкі қағидаларды қатаң сақтауға бағытталған шаралар мен рәсімдердің жиынтығы. Комплаенс құқық бұзушылықтардың алдын алуды, қаржылық және құқықтық тәуекелдерді барынша азайтуды қамтамасыз етеді және барлық операцияның ашықтығына кепілдік береді. Комплаенсты ескере отырып қабылданған кез келген әрекет немесе шешім клиенттердің сенімі мен мүдделерін қорғауға бағытталған.
Бақылауды күшейтудің қосымша факторы реттеушінің микроқаржы ұйымдарының бірінің лицензиясын тоқтата тұру туралы мынадай соңғы шешімі болды: https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1148247. Бұл прецедент Компания үшін клиенттердің мүдделерін қорғау және реттеушілердің талаптарына сәйкес келу үшін жекелеген эмитенттердің бағалы қағаздар операцияларын бақылауды күшейту қажеттілігі туралы белгі болды.
Шектеулер Freedom Broker сауда платформасы арқылы клиенттің брокерлік шотындағы облигацияларды сатуға өтінімдер беруге қолданылмайды.