Qualcomm ның 1-тоқсандық нәтижелері күтуден жоғары болды, бірақ болжам көңіл толтырмады
Биржалық жаңалықтар
5 February 2026, 02:19
4 ақпанда Qualcomm (NASDAQ: QCOM) компаниясы қаржы жылындағы 1-тоқсан бойынша $3,0 млрд пайда ($2,78 акцияға шаққанда) жариялады. Бұл көрсеткіш бір жыл бұрынғы $3,18 млрд ($2,83 акцияға) нәтижеcінен төмен.
Түзетілген акцияға шаққандағы пайда $3,50 болды. Есепті кезеңдегі табыс $11,67 млрд-тан $12,25 млрд-қа өсті. Бұған дейін сарапшылар акцияға шаққандағы пайданы $3,41 деңгейінде, табысты $12,21 млрд көлемінде күтті.
Qualcomm 2-тоқсанда акцияға шаққандағы пайда $2,45–2,65, ал табыс $10,2–11,0 млрд болады деп болжайды. Бұл Уолл-стрит консенсус-болжамынан төмен: тиісінше $2,89 және $11,11 млрд.
Qualcomm басшылығының айтуынша, әлсіз болжам жаһандық жад чиптерінің тапшылығымен тікелей байланысты.