Freedom Holding Corp. 2026 ф.ж. тоғыз айындағы түсімі 1,7 млрд долларды құрады

Freedom Holding Corp. жаңалықтары

10 февраля 2026, 09:07

2026 жылғы 10 ақпан, Алматы

Freedom Holding Corp. 2026 фискалдық жылғы III тоқсанның қаржылық нәтижелерін жарияларды, компания үшін ол 2025 жылғы 31 желтоқсанда аяқталды.



Тимур Турлов, Freedom Holding Corp. Бас атқарушы директоры: «2026 фискалдық жылғы үшінші тоқсанның қорытындысы бойынша Freedom Holding Corp. одан әрі орнықты дамуда. Өзгермелі макроэкономикалық орта мен жаңа реттеуші талаптар жағдайында да біз өтімділіктің жоғары көрсеткіштерін сақтап, клиенттер санын тұрақты түрде арттырып аламыз. Бұл икемді стратегия мен инновацияға деген ашық тәсілдің арқасында мүмкін болып отыр. Біз өз клиенттеріміз бен акционерлеріміз үшін ұзақ мерзімді құндылық жасап, олардың сенімін сақтап, олармен бірге даму үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасап жатырмыз».

2025 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған үш айдағы қаржылық нәтижелерге шолу**
Компанияның жиынтық түсімі (нетто) былтырғы жылдың ұқсас кезеңіндегі 664,6 млн АҚШ долларымен салыстырғанда 2026 қаржы жылының III тоқсанында 628,6 млн АҚШ долларын құрады. Түсімнің серпіні қайта сақтандыруды шегере отырып алынған сақтандыру сыйлықақысының төмендеуіне, сауда бағалы қағаздарымен жасалатын операциялардан таза қаржылық нәтиженің төмендеуіне, сондай-ақ комиссиялық кірістің қысқаруына байланысты. Аталған нәтиженің осылай төмендеуі ішінара шетел валютасымен жасалатын операциялар бойынша таза пайданың өсуімен өтелді. 

2025 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша  қаражат пен оның баламасының, шектеулі қаражат пен инвестициялық бағалы қағаздардың көлемі 6,6 млрд АҚШ долларын құрады, жиынтық активтер 12,4 млрд АҚШ долларын, ал акционерлердің меншікті капиталы 1,4 млрд АҚШ долларын құрады. Операциялық қызметтен келіп түскен таза ақша ағыны 1,7 млрд АҚШ долларына жетті.

Freedom Holding Corp. компаниясының құрамына кіретін компаниялардың клиенттерінің жалпы саны 7,2 млн-ға дейін өсті, оған 2026 ф. ж. ІІІ тоқсандағы барлық бизнес сегмент бойынша клиенттер қорының өсуі кіреді: брокерлік шоттар – 828 мың (145 мыңнан көп), сақтандыру компанияларының клиенттері – 1,2 млн (8 мыңнан көп), көрсетілетін банк қызметтерін пайдаланушылар – 4,5 млн (1,956 мыңнан астам), Freedom SuperApp-ты пайдаланушылар - 4,3 млн (1,2 млн-нан көп), қаржылық емес компаниялардың клиенттері – 697 мың (92 мыңнан көп).

Freedom экожүйесінің периметрі бойынша серіктес компаниялардың пайдаланушыларын ескере отырып, клиенттердің жалпы саны 11 млн-нан асады.

Қайта сақтандыруды шегергендегі сақтандыру сыйлықақысы салыстырмалы кезеңде 177,5 млн АҚШ долларына қарағанда 106,9 млн АҚШ долларын құрады, бұл реттеуші банктік және микроқаржылық өнімдерге байланысты полистер жөніндегі комиссияға енгізген лимитке байланысты болды, бұл жаңа бизнестің көлемін қысқартты.

Сауда-саттық бағалы қағаздары бойынша таза пайда 89,6 млн АҚШ долларына қарағанда 43,5 млн АҚШ долларын құрады, мұндай төмендеу Компания 2025 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша иелік еткен бағалы қағаздар бойынша позициялар құнының төмендеуіне байланысты іске асырылмаған таза шығынға байланысты.

Шетел валютасымен жасалатын операциялар бойынша таза пайда қайта есептеуден келіп түскен пайда есебінен 3,9 млн-мен салыстырғанда 45,8 млн-ға дейін ұлғайды, бұл негізінен АҚШ долларына және басқа валюталарға қарағанда қазақстандық теңге бағамының нығаюына байланысты.

Жалпы шығыс 2026 қаржы жылының III тоқсанында 566,3 млн АҚШ долларына қарағанда шамамен 534,7 млн АҚШ долларын құрады, бұл комиссиялық шығыстың, сақтандыру төлемдерінің, қайта сақтандыруды шегергендегі және күтілетін кредиттік шығын резервінің төмендеуімен байланысты.

2025 жылғы қазан-желтоқсан айларында «Freedom Шапағат» корпоративтік қоры арқылы орнықты даму жобаларын іске асыруға 18,8 млн АҚШ доллары жіберілді.

2025 жылғы 6 қарашада Вашингтонда (АҚШ) Қазақстан Республикасының Үкіметі, OpenAI, Inc. және Freedom Holding Corp. арасындағы стратегиялық келісімге қол қою маңызды оқиға болды. Құжатта Қазақстанның 165 000 педагогына конфиденциалдылық пен деректерді басқару тетіктері күшейтілген Chatgpt арнайы білім беру нұсқасы саналатын ChatGPT Edu-ды пайдалану мүмкіндігін ұсыну көзделеді. Келісім шеңберінде Freedom Holding Corp. бастаманы қаржыландыруды қамтамасыз етеді, OpenAI ChatGPT Edu платформасын, қазақ және орыс тілдерінде жергілікті қолдау қызметін ұсынады, ал Қазақстан Республикасының Үкіметі жобаны мемлекеттік органдар мен білім беру ұйымдарының деңгейінде үйлестіруді жүзеге асырады. 


Анықтама

Есептілік валютасын қайта есептеуге байланысты резервтің өзгеруі.
Холдингтің басқа жиынтық кірісіне/шығысына қаржылық есептіліктің көрсеткіштерін қайта есептеу нәтижесінде туындайтын, еншілес компаниялардың функционалдық валюталарында көрсетілген, есептілік валютасының резервін қайта есептеу бойынша кіріс пен шығысты шоғырландыру кезінде холдинг валютасында енгізілді. Резервті есептеу кезінде активтер мен міндеттемелердің баптары бағам бойынша есепті күнге қайта есептеледі, кіріс пен шығыстың баптары есепті кезеңдегі орташа бағам бойынша қайта есептеледі. Еншілес компаниялардың функционалдық валюталары бағамының холдинг есеп беретін валютаға қатысты төмендеуі нәтижесінде резервтің оң өзгеруі туындайды.

* Пайда 59,9 млн дана акцияның орташа өлшенген базалық санына негізделген.
** Егер басқаша көрсетілмесе, барлық салыстыру 2024 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған үш айдағы көрсеткіштермен келтіріледі.

Компания жайында

Freedom Holding Corp қаржылық қызмет көрсететін, брокерлік қызметпен, бағалы қағаздармен сауда жасаумен, инвестициялық зерттеулермен және консультация берумен, инвестициялық банктік және андеррайтингтік көрсетілетін қызметтермен, ипотекамен, сақтандырумен, телекоммуникациямен, әуе билеттері мен мәдени және спорттық іс-шараларға билеттерді онлайн сатумен айналысатын әртараптандырылған компания болып табылады, онлайн супермаркет қызметтерін және т.б. ұсынады. Freedom Holding Corp еншілес компанияларын ескере отырып, 11,3 мыңнан астам қызметкер бар. Холдингтің бөлімшелері мен еншілес компаниялары Қазақстан, АҚШ, Кипр, Польша, Испания, Өзбекстан және басқаларын қоса алғанда 21 елде орналасқан. Freedom Holding Corp. компаниясының жай акциялары. АҚШ-тың Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясында тіркелген және Nasdaq Capital Market-те FRHC тикерімен саудаланады.


БАҚ үшін байланыс деректері:
[email protected]
www.freedomholdingcorp.com

Қазақстан Республикасы, Астана қ., Есіл ауданы, Достық көшесі 16, кірістірілген тұрғын емес үй 2 (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55  - Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  - Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «B+/B», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!