Freedom Finance аналитиктерінің сәуір айының басына арналған үздік инвестициялық идеялары
Биржалық жаңалықтар
6 сәуір 2026, 16:00
Талдаушылар энергетика, шикізат нарықтары және инфрақұрылым салаларындағы құрылымдық өзгерістер аясында алдағы айларда тұрақты өсім көрсетуі мүмкін акциялардың өзекті топтамасын ұсынды.
Black Hills Corporation (BKH) - компания АҚШ-та электр және газбен жабдықтау секторында жұмыс істейді және шамамен 1,37 млн тұтынушыны қамтиды. Бизнес өсімін ауқымды инвестициялық бағдарлама мен бірқатар штаттардағы тарифтердің қайта қаралуы қолдайды. Қосымша сұранысты ірі тұтынушылар, соның ішінде деректер орталықтары қалыптастырады. Аналитиктердің күтуінше, бұл факторлар алдағы 12–24 айда қаржылық көрсеткіштердің тұрақты өсімін қамтамасыз етеді. Мақсатты баға: $81.
DNOW (DNOW) - компания мұнай‑газ және өнеркәсіп секторына арналған жабдықтар мен кешенді шешімдер жеткізеді. Акцияға деген қызығушылық мұнай бағасының өсу ықтималдығымен байланысты, ал ол саладағы белсенділіктің артуына және жабдыққа сұраныстың көбеюіне әдетте тікелей әсер етеді. Қосымша драйвер — MRC Global компаниясымен бірігу. Бұл бизнес ауқымын кеңейтіп, тиімділікті арттыруға мүмкіндік беретін жаңа әлеует қалыптастырды. Бағасының 30%-дан астам төмендеуінен кейін бұл акциялар инвесторлар үшін тартымды кіру нүктесі болуы мүмкін. Мақсатты баға: $16.
Freeport-McMoRan (FCX) - әлемдегі ең ірі мыс өндірушілердің бірі және металлға деген сұраныстың өсуінен ұтады. Жасанды интеллекттің дамуы, деректер орталықтарының көбейуі және электр көліктерінің кеңеюі — барлығы мыс тұтынуын арттырып отыр. Сонымен қатар ұсыныс шектеулі болып қалып отыр. Бұл факторлар бағалардың ұзақ мерзімді өсуіне қолайлы жағдай жасап, компанияның инвестициялық тартымдылығын күшейтеді. Қаржылық көрсеткіштердің мықтылығы мен тұрақты баланс FCX позициясын одан әрі нығайтады. Мақсатты баға: $75.